Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Тереңкөл ауданының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» № 165/3 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 желтоқсан 2024 ж.

    Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Тереңкөл ауданының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» № 165/3 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде Тереңкөл ауданының жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы» 2019 жылғы 31 мамырдағы № 165/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6398 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Тереңкөл ауданының әкімі

    А. Мангутов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.