Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 27 қараша 2024 ж.
Үй жанындағы жер учаскелеріне салық мөлшерлемелерін төмендету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 531-бабының 3-тармағына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қаласы бойынша 1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метр үшін 6,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілсін.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы
Г. Сарсенбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.