Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27, 50-баптарына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы
Г. Суентаева
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 190 шешіміне қосымша
Ақтөбе облыстық мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8467 тіркелген) шешімі;
2. «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8466 тіркелген) шешімі;
3. «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Ақтөбе облысының әлеуметтік маңызы бар облысішілік автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 84 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 27 мамырдағы № 139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8586-04 тіркелген) шешімі;
4. «2024-2026 жылдары субсидиялауға жататын Хромтау қаласының әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Ақтөбе облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 10 шілдедегі № 156 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8608-04 тіркелген) шешімі.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.