Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 «Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 «Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 21-8 «Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 5452 тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    1-тармақта:

    1, 2 - жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

    1
    Күкірт тотықтары (SOx)
    20
    2
    Азот тотықтары (NOx)
    20
    9 - жолы жаңа редакцияда жазылсын:
    9
    Көміртегі тотықтары
    0,32
    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихат төрағасы

    М. Мұқаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.