Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-3 «Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 желтоқсан 2024 ж.

    Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-3 «Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

    Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі №37-3 «Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6347 тіркелген) шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары осы шешімнің 1, 2, 3- қосымшаларына сәйкес 1, 2, 3 – қосымшалармен толықтырылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    М. Мұқаев

    Батыс Қазақстан облыстық

    мәслихатының 2024 жылғы

    «13» желтоқсандағы №16-5

    шешіміне 1-қосымша

    Батыс Қазақстан облысының

    аумағында ауыл шаруашылығы

    жануарларын жаюдың

    қағидаларына 1-қосымша

    Айдауға жататын ауыл шаруашылығы жануарларын іріктеу нормалары

    Жыныстық-жастық топтары
    Жануарлардың саны, бас
    Тәуліктік айдау қашықтығы, километр
    Ірі қара мал
    Бұзаулы сиырлар (емізулі)
    150-200
    15-20
    Қашарлар (2 жасқа дейін)
    200-250
    20-25
    Бұқашықтар (2 жасқа дейін)
    200-250
    20-25
    Ұсақ мал
    Қозылы қойлар, Лақты ешкілер
    500-600
    20-30
    Бір жылғы төл
    600-800
    30-40
    Жылқылар
    Құлынды биелер
    100-150
    25-30
    1,5-2 жастағы төл
    150-200
    35-40
    Түйелер
    Түйелер
    100-120
    40-50

    Батыс Қазақстан облыстық

    мәслихатының 2024 жылғы

    «13» желтоқсандағы №16-5

    шешіміне 2-қосымша

    Батыс Қазақстан облысының

    аумағында ауыл шаруашылығы

    жануарларын жаюдың

    қағидаларына 2-қосымша

    Айдауға жататын ауыл шаруашылығы жануарларының түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына байланысты жинақтау нормалары

    Жыныстық-жастық топтары
    Қоңдылығы
    Ортадан төмен, бас
    Орташа, бас
    Ортадан жоғары, бас
    1
    2
    3
    4
    Ірі қара мал
    Бұзаулы сиырлар (емізілулі)
    50-70
    150-200
    150-200
    Қашарлар (2 жасқа дейін)
    100-150
    200-250
    200-250
    Бұқашықтар (2 жасқа дейін)
    100-150
    200-250
    200-250
    Ұсақ мал
    Қозылы қойлар, Лақты ешкілер
    400-500
    500-600
    500-600
    Бір жылғы төл
    400-500
    600-700
    600-800
    Жылқылар
    Құлынды биелер
    50-70 80-100
    100-150 120-150
    150-200 150-200
    1,5-2 жастағы төл
    30-60
    60-90
    90-120
    Түйелер
    Түйелер
    30-60
    60-90
    90-120

    Батыс Қазақстан облыстық

    мәслихатының 2024 жылғы

    «13» желтоқсандағы №16-5

    шешіміне 3-қосымша

    Батыс Қазақстан облысының

    аумағында ауыл шаруашылығы

    жануарларын жаюдың

    қағидаларына 3-қосымша

    Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары

    Ірі қара мал, бас
    Ұсақ мал, бас
    Жылқылар, бас
    Түйелер, бас
    150-ге дейін
    500-ге дейін
    100-ге дейін
    100-ге дейін

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.