«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілетін электр энергиясына тарифтерді салыстырып талдау үшін мемлекеттер тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 188-Ө бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қараша 2024 ж.

    «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілетін электр энергиясына тарифтерді салыстырып талдау үшін мемлекеттер тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 188-Ө бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен өндірілетін электр энергиясына тарифтерді салыстырып талдау үшін мемлекеттер тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 188-Ө (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9471 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрі

    А. Саткалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.