Қаражал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 137 «Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 желтоқсан 2024 ж.

    Қаражал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі №137 «Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 – бабына сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қаражал қаласы әкімдгінің «Қалалық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы» 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 137 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3417 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қаражал қаласының әкімі

    А. Елеусизов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.