«Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Көкшетау қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Көкшетау қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № А-1/148 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8347 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкшетау қаласының әкімі
А.Кумпекеев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.