«Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 желтоқсан 2024 ж.

    «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 74), 77) тармақшаларына, 156-бабының 2-тармағына, 174-бабының 6-тармағына, 176-бабының 3-тармағына, 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес»;

    1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

    «6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес консультативтік байқауды көрсету қағидалары.»;

    осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын;

    көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларында:

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттарына, сондай-ақ байқау жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады.»;

    6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ПМБ бар адамның динамикалық байқауға алу туралы жазбаша келісімі болған жағдайда, оған динамикалық байқау белгіленеді;»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Динамикалық байқаудағы ПМБ (F00-F99) бар барлық адамдарды дәрі-дәрмекпен, оның ішінде тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылады.»;

    12-тармақта:

    1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) динамикалық психиатриялық байқау топтарындағы ПМБ бар адамдарға динамикалық байқау көрсету үшін кемінде 12 ай есепке алу өлшемшарттарының болмауы, ремиссия мерзімі динамикалық наркологиялық байқау тобы үшін белгіленген динамикалық байқау мерзімінен 3 жылдан кем емес;»;

    6) тармақша алып тасталсын;

    қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;

    көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабына сәйкес әзірленді және психикаға белсенді әсер ететін затты (бұдан әрі – ПБЗ) тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу тәртібін анықтайды.»;

    2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыру (бұдан әрі – медициналық куәландыру) – психикалық денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізілетін есірткілік, алкогольдік масаң күйде болу жағдайын және басқа да психикаға белсенді әсер ететін заттардан масаң күйде болу жағдайын анықтау мақсатында адамды зерттеп-қарау;»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтауды тәулік бойы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен психиатр дәрігер немесе психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласында қосымша білім алған басқа мамандықтардың медицина қызметкері жүзеге асырады.»;

    Көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеудгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2024 жылғы 11 желтоқсандағы

    № 104

    Бұйрығына 1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрінің

    2020 жылғы 25 қарашадағы

    № ҚР ДСМ-203/2020

    бұйрығына 6-қосымша

    Консультативтік байқау жүргізу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы консультативтік байқау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және консультативтік байқау тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

    1) консультативтік байқау – психикаға белсенді әсер ететін заттарды зиянды пайдаланатын адамды және (немесе) құмар ойындарға патологиялық құштарлығы бар адамды медициналық байқау;

    2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды зиянды пайдалану – тәуелділік синдромының белгілері жоқ физикалық және (немесе) психикалық және (немесе) құқықтық зардаптарға әкеп соққан медициналық емес мақсатта пайдалану.

    2-тарау. Консультативтік байқау тәртібі

    3. Егер адам мамандандырылған көмексіз қалатын болса, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (алкоголь мен темекіден басқа) зиянды тұтынған адамға және (немесе) аурудың даму немесе өршу тәуекелінің алдын алу мақсатында құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамға (ауыр, өзгемейтін сипат алған, асқынған ауыр белгілері жиі болатын созылмалы немесе ұзаққа созылған бұзылушылыққа немесе айқын әлеуметтік бейімделуге ауысуына) консультативтік байқау белгіленеді.

    4. Консультативтік бақылау психикалық, мінез-құлық бұзылушылықтары (бұдан әрі – ПМБ) бар адамдарды консультативтік бақылау топтарына, консультативтік бақылауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттарына, сондай-ақ осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес байқау жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады.

    5. Консультативтік байқау психиатр дәрігердің тұрақты қарап-тексерулері арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.

    6. Психикалық жай-күйі өзгерген және/немесе байқаудан жалтарған кезде консультативтік байқаудағы адам куәландырудан өтеді және психиатр дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша динамикалық байқауға ауыстырылады.

    7. Консультативтік байқаудағы адамдар туралы мәліметтер контингентке кірмейді және статистикалық есепке алу үшін электрондық ақпараттық жүйелерде (бұдан әрі – ЭАЖ) тіркеледі.

    8. Консультативтік байқаудан алу не динамикалық байқау тобына ауыстыру учаскелік психиатр дәрігердің ұсынымы бойынша дәрігерлік консультациялық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

    9. Консультативтік байқауда тұрған адамдар оң динамика болған және 12 ай ішінде аурудың қайталануы болмаған кезде консультативтік байқаудан алынады.

    10. Консультативтік байқау кезінде психикалық денсаулық кабинетінің немесе бастапқы психикалық денсаулық орталығының психиатриялық бейіндегі дәрігері мыналарды жүзеге асырады:

    1) клиникалық хаттамаларға сәйкес диагностикалық іс-шаралар;

    2) клиникалық хаттамаларға сәйкес емдеуді тағайындау (қажет болған жағдайда);

    3) консультативтік байқау, сондай-ақ консультативтік байқауды тоқтату туралы мәселені шешу;

    4) ПМБ бар адам туралы ақпаратты ЭАЖ-ға енгізу;

    5) консультативтік байқауды жүзеге асыру;

    6) ПМБ бар адамдарды зерттеп-қарауға және (немесе) емдеуге, медициналық-әлеуметтік оңалтуға аумақтық психикалық денсаулық орталығына немесе «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жіберу (көрсетілімдер бойынша).

    11. Консультативтік байқау кезінде психолог психикалық-профилактикалық іс-шараларды, психологиялық консультация беруді, эксперименттік психологиялық зерттеп-қарауды және психикалық түзетуді жүргізеді.

    Психикалық, мінез-құлықтық

    бұзылушылықтары (аурулары)

    бар адамдарды консультативтік байқау,

    сондай-ақ консультативтік байқауды

    тоқтату қағидаларына

    қосымша

    Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды консультативтік байқау топтары, консультативтік байқауға алу, ауыстыру, алып тастау өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігі

    Консультативтік байқау тобы
    Алу өлшемшарттары
    Байқау мерзімділігі
    Консультативтік байқауды тоқтату өлшемшарттары
    1
    2
    3
    4
    5
    1
    Есірткі заттарын тұтынудан туындаған ПМБ бар адамдар, зиянды тұтынудан (АХЖ-10 коды F1x.1)
    Есірткі заттарын тұтынудан, зиянды тұтынудан туындаған ПМБ,
    12 ай (алғашқы 6 айда – айына кемінде 1 рет, одан әрі тоқсанына кемінде 1 рет)
    Консультативтік байқаудың белгіленген мерзімінен 12 ай ішінде аурудың қайталануының болмауы
    2
    ПМБ бар – құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамдар (АХЖ-10 коды F63.0)
    Құмар ойындарға патологиялық әуестік

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2024 жылғы 11 желтоқсандағы

    № 104 Бұйрығына

    2-қосымша

    Психикалық, мінез-құлықтық

    бұзылушылықтары (аурулары)

    бар адамдарды динамикалық

    байқау, сондай-ақ динамикалық

    байқауды тоқтату қағидаларына

    1-қосымша

    Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігі

    Ди­на­ми­ка­лық бай­қау то­бы
    ПМБ бар адам­дар­ды ди­на­ми­ка­лық бай­қа­у­ға алу өл­шем­шар­тта­ры
    Бай­қау мер­зім­ді­лі­гі
    ПМБ бар адам­ды бас­қа топ­қа ауы­сты­ру өл­шем­шар­тта­ры
    ПМБ бар адам­ды ди­на­ми­ка­лық бай­қа­уды тоқ­та­ту өл­шем­шар­тта­ры
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1
    Ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық бай­қа­удың 1-то­бы
    Пси­хи­ка­лық жай-күйі бой­ын­ша әле­умет­тік-қа­уіп­ті әре­кет­тер­ге бей­ім, оның ішін­де кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ға қа­ты­сты жы­ны­стық си­патта­ғы зор­лық-зомбы­лық әре­кет­те­рін жа­сау тәу­е­ке­лі бар, сон­дай-ақ есі дұ­рыс емес күй­де аса қа­уіп­ті әре­кет­тер­ді жа­са­ған және сот ше­ші­мі­мен ам­бу­ла­то­ри­я­лық мәж­бүр­леп ем­деу тү­рін­де­гі ме­ди­ци­на­лық си­патта­ғы мәж­бүр­леу ша­ра­ла­ры анық­тал­ған адам­дар.
    ай­ы­на ке­мін­де бір рет
    осы жол­дың 3-ба­ға­нын­да көр­се­ті­л­ген ен­гі­зу өл­шем­шар­тта­ры­ның бол­мауы, ке­мін­де 12 ай
    ЭАЖ-да «са­уы­ғу, тұ­рақ­ты жақ­са­ру» деп көр­се­те оты­рып, 3-ба­ған­да көр­се­ті­л­ген өл­шем­шар­ттар­дың бол­мауы, ке­мін­де 12 ай;
    қыз­мет көр­се­ті­ле­тін аумақ­тан тыс жер­лер­ге ба­ру ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­рін өзгер­ту;
    ЭАЖ-да «мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы» деп көр­се­те оты­рып, учас­ке­лік по­ли­ция ин­спек­то­ры­ның ба­я­на­ты­мен және учас­ке­лік мей­ір­гер­дің екі ай­да ке­мін­де 1 рет па­т­ро­на­жы­мен рас­тал­ған 12 ай ішін­де ор­на­лас­қан же­рі ту­ра­лы нақ­ты мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы;
    «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) сәй­кес бе­кі­ті­л­ген № 045/е ны­са­ны бой­ын­ша қай­тыс бо­лу ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық ку­ә­лік негі­зін­де және (неме­се) ЭАЖ-да «өлім» деп көр­се­те оты­рып, бе­кі­ті­л­ген ха­лық тір­ке­лі­мін­де­гі де­ректер­мен рас­тал­ған өлім;
    сон­дай-ақ ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық бай­қа­удың 2-то­бын­да есеп­те тұр­ған «Ши­зо­фре­ния» F20 ди­а­гно­зы бар адам­дар үшін: ди­на­ми­ка­лық бай­қа­у­ға алын­ған сәт­тен ба­стап 12 ай ішін­де мү­ге­дек­тік то­бы бел­гі­лен­бе­ген жағ­дай­да.
    2
    Ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық бай­қа­удың 2-то­бы
    ПМБ бар, оның ішін­де F8 және F9 ди­а­гно­сти­ка­лық ай­дар­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген ПМБ қо­с­па­ған­да пси­хи­ка­лық ау­руы бой­ын­ша мү­ге­дек­ті­гі бар деп та­ны­л­ған адам­дар;
    анық­тал­ған­нан кей­ін бір жыл бойы F20 «Ши­зо­фре­ния» ди­а­гно­зы бар адам­дар (бұл рет­те мү­ге­дек­ті­гі бар адам деп та­ны­л­ған жағ­дай­да ол ди­на­ми­ка­лық пси­хи­ат­ри­я­лық бай­қа­удың 2- то­бын­да бай­қа­удан өту­ді жал­ға­сты­ра­ды)
    3
    2А – пси­хо­ти­ка­лық симп­то­ма­ти­ка­ның жиі және ай­қын ас­қы­ну­ла­ры, д-еком­пен­са­ци­я­ла­ры бар, те­гін ам­бу­ла­то­ри­я­лық ем­деу шең­бе­рін­де пси­хо­фар­ма­ко­те­ра­пи­я­ны қа­жет ете­тін адам­дар, оның ішін­де F8 және F9 ди­а­гно­сти­ка­лық ай­дар­ла­рын­да көр­се­ті­л­ген ПМБ бар адам­дар
    үш ай­да ке­мін­де бір рет
    4
    2Б – жай-күйі тұ­рақ­тан­ған, ор­та­ша про­гре­ди­ент­ті про­цесс ағы­мы және аяқ асты­нан бо­ла­тын ре­мис­си­я­ла­ры бар адам­дар.
    ал­ты ай­да ке­мін­де бір рет
    5
    Ди­на­ми­ка­лық нар­ко­ло­ги­я­лық бай­қау то­бы
    1) Сот ше­ші­мі бой­ын­ша мәж­бүр­леп ем­деу үшін бө­лім­ше­лер­ге жі­бе­рі­л­ген адам­дар­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ;
    2) Сот-нар­ко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­ның қо­ры­тындысы негі­зін­де сот ше­ші­мі бой­ын­ша ем та­ғай­ын­дал­ған адам­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ;
    3) Ме­ди­ци­на­лық си­патта­ғы мәж­бүр­леу ша­ра­ла­ры қол­да­ны­л­ған бас бо­станды­ғы­нан ай­ы­ру орын­да­ры­нан жі­бе­рі­л­ген адам­дар­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ;
    4) Ста­ци­о­нар­лық ем­деу жағ­дай­ын­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан пси­хо­ти­ка­лық бұ­зы­лу­шы­лық­ты ба­стан ке­шір­ген­нен кей­ін ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ;
    5) Әле­умет­тік қа­уіп­ті әре­кет­тер­ге бей­ім адам­дар­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ;
    6) Уа­қыт­ша бей­ім­деу және де­ток­си­ка­ция ор­та­лық­та­ры­на 6 ай ішін­де екі рет ор­на­ла­сты­ры­л­ған адам­дар­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ;
    7) Ди­на­ми­ка­лық бай­қа­у­ға өз ер­кі­мен ке­лі­сім бер­ген адам­дар­да ПБЗ тұ­ты­ну сал­да­ры­нан болған ПМБ.
    тұл­ға­ның же­ке ерекше­лік­те­ріне және ау­ру­дың ағы­мы­на бай­ла­ны­сты жы­лы­на ке­мін­де ал­ты рет
    ЭАЖ-да «са­уы­ғу, тұ­рақ­ты жақ­са­ру» деп көр­се­те оты­рып, ре­мис­сия мер­зі­мі бел­гі­лен­ген ди­на­ми­ка­лық бай­қау мер­зі­мі­нен 3 жыл­дан кем емес;
    қыз­мет көр­се­ті­ле­тін аумақ­тан тыс жер­лер­ге ба­ру ар­қы­лы тұр­ғы­лық­ты же­рін өзгер­ту;
    ЭАЖ-да «мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы» деп көр­се­те оты­рып, учас­ке­лік по­ли­ция ин­спек­то­ры­ның ба­я­на­ты­мен және учас­ке­лік мей­ір­гер­дің екі ай­да ке­мін­де 1 рет па­т­ро­на­жы­мен рас­тал­ған 12 ай ішін­де ор­на­лас­қан же­рі ту­ра­лы нақ­ты мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы;
    «Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы есеп­ке алу құ­жат­та­ма­сы­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның 2020 жы­л­ғы 30 қа­зан­да­ғы № ҚР ДСМ-175/2020 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 21579 бо­лып тір­кел­ген) сәй­кес бе­кі­ті­л­ген № 045/е ны­са­ны бой­ын­ша қай­тыс бо­лу ту­ра­лы ме­ди­ци­на­лық ку­ә­лік негі­зін­де және (неме­се) ЭАЖ-да «өлім» деп көр­се­те оты­рып, бе­кі­ті­л­ген ха­лық тір­ке­лі­мін­де­гі де­ректер­мен рас­тал­ған өлім.

    Бұйрығына 3-қосымша

    Психикалық, мінез-құлықтық

    бұзылушылықтары (аурулары)

    бар адамдарды динамикалық

    байқау, сондай-ақ динамикалық

    байқауды тоқтату қағидаларына

    2-қосымша

    Динамикалық байқауды жүргізуге жазбаша келісім/бас тарту бланкісі

    Мен, _____________________________________________ ЖСН __________________

    (Мен, баланың/күтім жасалатын адамның __________________ЖСН

    __________________ата-анасы (қамқоршысы)) _______________________________________мекенжайы бойынша тұрамын, наркологиялық аурудың (диагноз: _________________) болуына байланысты медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілер және және динамикалық байқаудан бас тартудың ықтимал салдары туралы хабардар болдым.

    Мен, ________________ (Мен, _______________________ баланың/күтім жасалатын адамның ____________ ата-анасы (қамқоршысы)) динамикалық байқаудан бас тартамын.

    Мен, ________________ (Мен, _______________________ баланың/күтім жасалатын адамның ____________ ата-анасы (қамқоршысы)) динамикалық байқауға келісемін және динамикалық байқау жүргізу қағидалары, қарап-тексерулерді өткізу кезеңділігі, зертханалық және аспаптық зерттеулер, байқау мерзімдері туралы хабардар болдым.

    Қолы Күні

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрі

    2024 жылғы 11 желтоқсандағы

    № 104

    Бұйрығына 4-қосымша

    Психикалық, мінез-құлықтық

    бұзылушылықтары (аурулары)

    бар адамдарды динамикалық

    байқау, сондай-ақ динамикалық

    байқауды тоқтату қағидаларына

    1-қосымша

    Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыру қорытындысы

    Осы факт бойынша куәландыру бастапқы, қайталама (қажеттісінің астын сызу).

    1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

    ____________________________________________________________________

    Жасы (туған жылы)___________________________________________________

    Жеке басын растайтын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (болған кезде) ____________________________________________________________________

    Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________________

    Кім және қашан куәландыруға жіберді (нақты уақыты) немесе өзі жүгінді

    ____________________________________________________________________

    Куәландыру күні және нақты уақыты

    ____________________________________________________________________

    Кім куәландырды (дәрігер, фельдшер, мейіргер)

    ____________________________________________________________________

    2. Куәландырудың себебі:

    ____________________________________________________________________

    3. Куәландырылушының сыртқы түрі:

    ____________________________________________________________________

    4. Мінез-құлық: шиеленісті, жабық, тітіркенген, қозған, агрессивті, эйфориялық, сөйлейтін, мазасыз, тұрақсыз көңіл-күй, ұйқышылдық, тежелген, өзінің жағдайына шағымдар, тыныш (қажеттісінің астын сызу)

    ____________________________________________________________________

    5.  Сананың жай-күйі, орынға, уақытқа, жағдайға және жеке тұлғаға бағдарлау

    ____________________________________________________________________

    6. Сөйлеу қабілеті: сөйлеудің байланыстылығы, артикуляцияның бұзылуы, түсініксіз сөйлеу

    _______________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    7. Вегетативтік-тамырлық реакциялар (тері жабындарының, көздің, тілдің шырышты қабықтарының жай-күйі, тершеңдік, сілекейдің ағу) _________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

    Тыныс алу: жылдам, баяу ______________________________________________

    Пульс_________________________ артериялық қысым _____________________

    Көз қарашықтары: тарылған, кеңейтілген, жарыққа реакция

    ____________________________________________________________________

    Жан-жағына қараған кездегі нистагм_____________________________________

    8. Қозғалу аясы ______________________________________________________

    Мимика: енжар, жанды ________________________________________________

    Жүру (теңселу, жүру кезінде аяқтың жан-жаққа кетуі), бұрылу арқылы жүру (бұрылу кезінде теңселу)_______________________________________________

    Ромберг позасындағы тұрақтылық_______________________________________

    Дәл қозғалысы (монетаны еденнен көтеру, саусақ-мұрын сынамасы)

    ____________________________________________________________________ Қабақтың, тілдің, саусақтардың дірілдеуі _________________________________

    9. Нейропсихиатриялық аурулардың, мидың органикалық зақымдануы, физикалық шаршау белгілері бар ма. Бастан өткерген жарақаттар (куәландырылушының сөзінен) Бастан өткерген жарақаттар (куәландырылушының сөзінен) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

    10. Алкогольді, психикаға заттарды соңғы қолдану туралы мәліметтер: субъективті, объективті (құжаттар бойынша, сөздер бойынша)

    ____________________________________________________________________

    11. Алкогольдің иісі __________________________________________________

    12. Шығарылатын ауада және организмнің биологиялық ортасында алкогольдің болуы:

    а) ауа аспапта зерттелді ________________________________________________

    Зерттеу уақыты мен нәтижелері _________________________________________

    қайта зерттеу ________________________________________________________

    б) биологиялық орта (орталар) (несеп, сілекей, қан) зерттелді

    ____________________________________________________________________

    ____________________________________________________________________

    ______________ әдістері ______________________________ сынама алу уақыты

    ____________________________________________________________________

    Зерттеу уақыты мен нәтижелері

    ____________________________________________________________________

    13. Медициналық тексеріп-қараудың немесе ұсынылған құжаттардың басқа да деректері

    ____________________________________________________________

    14 Қорытынды (куәландырылушының жай-күйі gсихикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану фактісін және мас болу жай-күйін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларының 13-тармағында көзделген тұжырымдамаларда сараланады): _______________________________________ ____________________________________________________________________

     Куәландыруды жүргізген медицина қызметкерінің қолы

    ____________________________________________________________________

    Куәландыру нәтижесімен таныстым

    ____________________________________________________________________

    (куәландырылатын адамның қолы)

    Куәландыру нәтижелерімен таныстым, бірақ қол қоюдан бас тарттым

    ____________________________________________________________________

    Медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы

    Куәгерлер (мүдделі емес адамдар) (куәландырылатын адам болып жатқан оқиғаларды бағалай алмаған және (немесе) медициналық куәландырудан және (немесе) танысудан және (немесе) қол қоюдан бас тартқан жағдайда):

    1. _________________________________________________ қолы

    2. _________________________________________________ қолы

    Ескертпе.

    Психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес куәландырылатын адам не оны жеткізген лауазымды адам медициналық куәландыру нәтижелерімен келіспеген кезде қайта медициналық куәландыру жүргізіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.