Бейнеу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 173 және Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 19/189 «Бейнеу ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 желтоқсан 2024 ж.

    Бейнеу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 173 және Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 19/189 «Бейнеу ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы» бірлескен қаулысы және шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Бейнеу ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін белгілеу туралы» Бейнеу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі № 173 және Бейнеу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 сәуірдегі №19/189 бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 27818 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1 – тармағының 2) – тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

    «2) бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;».

    2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Бейнеу ауданының әкімі

    Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы

    Р. Шалбаев

    А. Бораш

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.