«Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қараша 2024 ж.

    «Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мынадай жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

    Рудный қаласы, Свердлов көшесі, 60 а тұрғын үй ауданы (Топорков көшесі ауданы қиылысынан) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,1342 га;

    Рудный қаласы, Қашар көшесі, № 22 құрылысы ауданы (П. Корчагин көшесі қиылысынан) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,4950 га;

    Рудный қаласы, Қашар көшесі, № 22 құрылысы ауданы (П. Корчагин көшесі қиылысынан) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,5580 га;

    Рудный қаласы, 40 лет Октября көшесі («Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағының алдында) мекенжайы бойынша бөлшектелген құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,3024 га;

    Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесі (№ 6 көлікжай қоғамы қасындағы «Мебель-Парк» сауда үйі ауданы) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 0,1225 га;

    Рудный қаласы, 40 лет Октября көшесі («Рудный жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағының артында) мекенжайы бойынша құрылыс материалдарын (құбырлар, плиталар, темірбетон бұйымдарын) уақытша сақтау мақсатында көлемі 1,0062 га;

    Рудный қаласы мекенжайы бойынша жылу желілеріне қызмет көрсету және пайдалану мақсатында көлемі 2,6846 га;

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Рудный қаласының әкімі

    В. Ионенко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.