Жалағаш ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтеріосы қаулының қосымшасынасәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімініңорынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданы әкімінің міндетін атқарушы
А. Нұрмағанбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
Жалағаш аудандық мәслихатының
2024 жылғы 04 қыркүйектегі № 23-1 шешімі
Төраға У.Елеусинов 04 қыркүйек 2024 жыл
Жалағаш ауданы әкімдігінің
2024 жылғы «06» желтоқсандағы
№268 қаулысына қосымша
Жалағаш ауданында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтері
|
№
|
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттары
|
Тарифтік бағасы
(теңге)
|
|
1
|
Жалағаш кенті – Жаңадария ауылы
|
400
|
|
2
|
Жалағаш кенті – Аққыр ауылы
|
500
|
|
3
|
Жалағаш кенті, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жалағаш аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жалағаш аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (аудандық емхана)
|
100
|
|
4
|
Жалағаш кенті, Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жалағаш аудандық отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі – «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жалағаш аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (аудандық аурухана)
|
100
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.