«Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 желтоқсан 2024 ж.

    «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2029 жылдың 08 желтоқсанына дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Шідерті ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 5 015,908 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

    2. «Copper Union Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет, залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

    3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберу;

    2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Осакаров ауданы әкімінің міндетін атқарушы

    А. Шалабаева

    Осакаров ауданы әкімдігінің

    2024 жылғы «11» желтоқсандағы

    №113/01

    қаулысына қосымша

    Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2023 жылғы 08 желтоқсандағы № 2281-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі

    №№
    Кадастрлық нөмір
    Участкенің орналасқан жері
    Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га
    1.
    09-137-041-077
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, Абилдаев Алмаз Сызганбекович
    1406,5610
    2.
    09-137-041-078
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, Абилдаев Алмаз Сызганбекович
    1165,6450
    3.
    09-137-041-007
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, «Канадыр» шаруа қожалығы
    45,3110
    4.
    09-137-041-044
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, «Birlik Agro Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    100,1630
    5.
    09-137-041-087
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, Шідерті ауылы,
    «Қула 2019» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    485,9
    6.
    09-137-041-035
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, Чолокиди Елена Алексеевна
    46,1
    7.
    09-137-041-069
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, «Тайбурыл НК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    1280,8010
    8.
    09-137-041-023
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Шідерті ауылдық округі, «Birlik Agro Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    485,4270
    БАРЛЫҒЫ
    5015,908

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.