Ұлытау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 41/1 «Ұлытау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 желтоқсан 2024 ж.

    Ұлытау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 41/1 «Ұлытау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ұлытау ауданының әкімдігінің «Ұлытау ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2021 жылғы 8 қазандағы № 41/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24773 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    А. Мырзабеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.