«Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қараша 2024 ж.

    «Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20224 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық полиция органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    Мемлекеттік қызметтің мынадай кіші түрлері бар:

    1) күзет қызметтерінің барлық түрі, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілерді күзету;

    2) террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді қоспағанда, күзет қызметтерінің барлық түрі.

    3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы 1-қосымшаға сәйкес «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті жолдайды.

    4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде көрсетілген.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.»;

    8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.»;

    9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен және қажетті құжаттарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ» АЖ) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

    10. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда не Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

    Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарағаннан және тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде «Е-лицензиялау» МДБ» АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

    11. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру үшін өтінішті тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда не Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жолданады.

    Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарағаннан және тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде «Е-лицензиялау» МДБ» АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы 1-қосымшаға сәйкес «Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті жолдайды.

    4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде көрсетілген.»;

    6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.

    7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.»;

    8-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне тексереді.

    Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.»;

    9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі бұйрығының жобасын әзірлейді (бұдан әрі – Бұйрық), оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мүдделі қызметтеріне құқықтық және редакциялық сараптамаларға жолдайды.

    10. Көрсетілетін қызметті беруші сарапшылардың қорытындыларын алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде бұйрықты келіседі және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қол қояды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (Бұйрық) көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

    реттік нөмірі 2, 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    2
    Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
    «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz немесе www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.
    3
    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
    12 (он екі) жұмыс күні.
    4
    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
    Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
    »;
    реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    8
    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    1) мәліметтер нысанымен толтырылған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің аумақтық бөлінісінің басшысы бекіткен көрсетілетін қызмет алушыда оқу жоспарларында көзделген арнайы және техникалық құралдардың, теориялық сабақтар өткізу үшін үй-жайдың, сондай-ақ дене даярлығы бойынша сабақтар өткізу үшін спорт залдың бар-жоғын растайтын тексеру актісі;
    3) тиісті теориялық, практикалық білімдері және өзінің кәсіби құзыреті саласында білім беру дағдылары бар оқытушылардың және оқыту процесіне тартылатын күзет қызметі саласында кәсіби жұмыс тәжірибесі бар мамандардың бар-жоғын растайтын құжаттар (еңбек қызметін растайтын құжаттар);
    4) көрсетілетін қызметті алушының басшысы бекіткен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары;
    5) жалдап пайдалану жағдайларында атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған атыс тирінің болуын растайтын құжаттар.
    Көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларының жеке басын, заңды тұлғаның жарғысынан, соттылығының жоқтығы туралы, қылмыстық жауапкершіліктен және ақталмайтын негіздер бойынша жазадан босатылғаны туралы анықтамаларды; көрсетілетін қызметті алушының барлық құрылтайшылары (қатысушылары) мен басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істер, ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істер және ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту туралы, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдардан (медициналық анықтамалар), атыс даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған меншік құқығындағы атыс тирінің бар-жоғын, санитарлық нормаларға лайықты сабақтар өткізуге арналған үй-жайдың бар-жоғын растайтын мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
    »;
    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
    3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
    «3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz немесе www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы 1-қосымшаға сәйкес «Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті жолдайды.
    4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде көрсетілген.»;
    6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
    «6. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті алған күні тіркеуді жүзеге асырады. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі.
    7. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырмаған және (немесе) мерзімі өтіп кеткен құжаттарды тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту жолдайды.»;
    8-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
    «8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды зерделейді және көрсетілетін қызметті алушыны «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне тексереді.
    Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.»;
    9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
    «9. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті тексеріс жүргізілгеннен кейін 6 (алты) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес көрсетілетін қызметті алушы құратын күзет ұйымын құруға, оның ішінде қызметтің жарғылық түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге алдын ала келісімін растау үшін монополияға қарсы органға хат жолдайды.
    10. Көрсетілетін қызметті беруші монополияға қарсы органнан жауап алғаннан кейін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісім – хатты әзірлейді, келіседі және басшысы қол қояды, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.»;
    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
    реттік нөмірі 2, 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    2
    Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
    Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
    1) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz немесе www.elicense.kz;
    2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
    3
    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
    15 (он бес) жұмыс күні.
    4
    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
    Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
    »;
    реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    8
    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі
    Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
    1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    2) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ұлттық компания құратын күзет ұйымын құруға, оның ішінде қызметтің жарғылық түрлерін кеңейтуге және (немесе) өзгертуге монополияға қарсы органның алдын ала келісімін растайтын құжат;
    3) «Ұлттық компанияларға күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 863 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35303 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларының 3-тармағына көрсетілетін қызметті алушының сәйкестігін растайтын құрылтай құжаттар;
    4) объектілердің (атауы, орналасқан орны), оның ішінде құрылатын күзет ұйымдарының күзетіне тапсырылуға жоспарланған еншілес ұйымдар объектілерінің тізбесі.
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күзет қызметін бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрықты ресми жарияланғанан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі

    Е. Саденов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    ішкі істер министрі

    2024 жылғы 22 қарашадағы

    № 923

    бұйрығына қосымша

    «Күзет қызметімен айналысу

    құқығына лицензия беру» мемлекеттік

    қызмет көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    «Күзет қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    «Кү­зет қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зия бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет ата­уы.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы:
    1) кү­зет қыз­мет­те­рі­нің бар­лық тү­рі, оның ішін­де тер­ро­ри­стік тұр­ғы­дан осал объ­ек­ті­лер­ді кү­зе­ту;
    2) тер­ро­ри­стік тұр­ғы­дан осал объ­ек­ті­лер­ді кү­зе­ту­ді қо­с­па­ған­да, кү­зет қыз­мет­те­рі­нің бар­лық тү­рі.
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Аумақ­тық по­ли­ция ор­ган­да­ры
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру:
    «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz неме­се www.​eli​cens​e.​kz ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
    Ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны бер­ген ке­зін­де – 10 (он) жұ­мыс кү­ні.
    Ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні.
    Ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­сын бер­ген ке­зін­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған).
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға Қа­ғи­да­лар­ға 4 және 5-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес кү­зет қыз­ме­ті­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на бе­рі­л­ген ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу, ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­сы не ли­цен­зи­я­ны бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    Бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық.
    Пор­тал­да бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті ада­мы­ның ЭЦҚ-мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға ақы­лы негіз­де көр­се­ті­ле­ді.
    «Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ко­дек­сі­нің 68-та­ра­уы­на сәй­кес кү­зет қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан қыз­мет­тің же­ке­ле­ген түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы үшін 6 (ал­ты) ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш (бұ­дан әрі – АЕК) кө­ле­мін­де ли­цен­зи­я­лық алым (бұ­дан әрі – ли­цен­зи­я­лық алым) алы­на­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­дан кү­зет қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу кү­ніне бел­гі­лен­ген төлем­нен ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де­гі мөл­шер­ле­ме­ден он пай­ыз кө­ле­мін­де, бі­рақ 4 (төрт) АЕК-тан көп емес мөл­шер­де алы­на­ды.
    Ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын ал­ған кез­де ли­цен­зи­я­лық алым ли­цен­зи­я­ны бе­ру ке­зін­де ли­цен­зи­я­лық алым­ды тө­леу кү­ніне бел­гі­лен­ген мөл­шер­ле­ме­ден жүз пай­ыз мөл­ше­рін­де алы­на­ды.
    Ли­цен­зи­я­лық алым со­ма­сы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тұр­ғы­лық­ты же­рі бой­ын­ша бюд­жет­ке ли­цен­зи­ар­ға ти­іс­ті құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған­ға дей­ін тө­ле­не­ді.
    Тө­лем екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді, сон­дай-ақ Пор­тал­да тө­лем «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­луы мүм­кін.
    7
    Жұ­мыс кесте­сі
    1) Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған соң, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды);
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма кү­ні ара­лы­ғын­да са­ғат 9-00-ден 18-30-ға дей­ін, са­ғат 13-00-ден 14-30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры ІІМ-нің www.​mvd.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­лас­қан.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    1) «Кү­зет қыз­мет­те­рі­нің бар­лық тү­рі, оның ішн­де тер­ро­ри­стік тұр­ғы­дан осал объ­ек­ті­лер­ді кү­зе­ту» қыз­мет­тің кі­ші тү­рі бой­ын­ша ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
    мә­лі­мет­тер ны­са­ны­мен тол­ты­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
    жал­дап пай­да­ла­ну жағ­дай­ла­рын­да ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған кү­зет пунк­тін ор­на­ла­сты­ру үшін офи­стік үй-жай­дың бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар;
    ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған ба­қы­лау пуль­ті­нің бо­луын рас­тай­тын құ­жат­тар:
    - ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған ба­қы­лау пуль­ті қыз­мет­кер­ле­рі­нің бо­луы ту­ра­лы штат­тық ор­на­ла­сты­ру және бұй­рық (тар);
    - кү­зе­ті­ле­тін объ­ек­ті­лер­де ор­на­ты­л­ған қа­был­дау-ба­қы­лау ас­пап­та­ры­нан сиг­нал­дар­ды қа­был­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ком­пью­тер­лік тех­ни­ка­ға және ти­іс­ті бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­ге, сон­дай-ақ кү­зе­ті­ле­тін объ­ек­ті­лер­ден де­ректер­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған мен­шік­ті қор­ғал­ған сер­вер­ге тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма (тү­ген­деу нө­мір­ле­рі, жүк­құ­жат­тар, фис­кал­дық чек­тер неме­се бас­қа құ­жат­тар);
    ра­дио­жи­і­лік спек­трін пай­да­ла­ну­ға рұқ­сат не жи­і­лі­гі бар ра­дио­бай­ла­ны­стар­ға або­нент­тік қыз­мет көр­се­ту­ге (жал­ға алу) ар­нал­ған шарт;
    штат­тық ор­на­ла­сты­ру және мо­биль­ді топ­тар­ды (же­дел ден қою то­бын) құ­ру және ти­іс­ті қыз­мет­кер­лер­ді ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық (тар);
    мо­биль­ді топ­тар­дың (же­дел ден қою топ­та­ры­ның) жү­ріп-тұ­руы­на ар­нал­ған мен­шік құқы­ғын­да­ғы ке­мін­де екі кө­лік құ­ра­лын мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы ку­ә­лік­те­рі;
    2) «тер­ро­ри­стік тұр­ғы­дан осал объ­ек­ті­лер­ді кү­зе­ту­ді қо­с­па­ған­да, кү­зет қыз­мет­те­рі­нің бар­лық тү­рі» қыз­мет­тің кі­ші тү­рі бой­ын­ша ли­цен­зия және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны алу, ли­цен­зи­я­ны және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
    мә­лі­мет­тер ны­са­ны­мен тол­ты­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
    3) ли­цен­зия жо­ғал­ған, бү­лін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы пор­тал­да­ғы ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ли­цен­зия ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді алу мүм­кін­ді­гі бол­ма­ған жағ­дай­да ға­на көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге бар­лық кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша ли­цен­зи­я­ның және (неме­се) ли­цен­зи­я­ға қо­сым­ша­ның тел­нұс­қа­сын алу үшін жү­гі­не­ді және мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
    көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен қол қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш.
    Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар, заң­ды тұл­ға ре­т­ін­де мем­ле­кет­тік тір­ке­луі (қай­та тір­ке­луі) ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ның жар­ғы­сы­нан, ли­цен­зия ту­ра­лы, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бас­шы­сы­ның жо­ғар­ғы заң­гер­лік бі­лі­мі ту­ра­лы (Пор­тал­да­ғы ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден мә­лі­мет­тер­ді алу мүм­кін­ді­гі бол­ма­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өті­ніш ке­ліп түс­кен­нен кей­ін 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де жо­ғар­ғы заң­гер­лік бі­лім­ді рас­тай­тын құ­жат­тың (ди­плом) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі та­лап еті­ле­ді), сот­ты­лы­ғы­ның бол­мауы ту­ра­лы, қыл­мыстық және әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­тыл­ма­ғанды­ғы ту­ра­лы, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бас­шы­сы­ның ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын (Пор­тал­да­ғы ти­іс­ті ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден мә­лі­мет­тер­ді алу мүм­кін­ді­гі бол­ма­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өті­ніш ке­ліп түс­кен­нен кей­ін 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де ең­бек қыз­ме­тін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі та­лап еті­ле­ді), пси­хи­ка­лық ден­са­улық са­ла­сын­да ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­те­тін ұй­ым­дар­дан (ме­ди­ци­на­лық анық­та­ма­лар), мен­шік құқы­ғын­да­ғы жы­л­жы­май­тын мү­лік ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «элек­трон­дық үкі­мет­тің» шлю­зі ар­қы­лы, ли­цен­зи­я­лық алым­ның, оның ішін­де ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­де­ге­ні үшін тө­лен­ге­ні ту­ра­лы «элек­трон­дық үкі­мет­тің» тө­лем шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) «Кү­зет қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да осы са­нат­та­ғы субъ­ек­ті­лер үшін тый­ым са­лын­ған қыз­мет тү­рі­мен ай­на­лы­суы;
    3) же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­рі­мен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ли­цен­зи­я­лық алым­ның ен­гі­зіл­ме­уі;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «Кү­зет қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру үшін бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын және олар­ға сәй­кест­ікті рас­тай­тын құ­жат­тар тіз­бе­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 30 жел­тоқ­сан­да­ғы № 959 бұй­ры­ғы­мен (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10371 бо­лып тір­кел­ген) бел­гі­лен­ген бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның Ұлт­тық ком­па­ни­я­ның кү­зет ұй­ы­мын құ­ру­ға ке­лі­су­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ли­цен­зия бе­ру­ге ке­лі­сім ха­тын ұсын­ба­уы;
    6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін өті­ніш­ті заң­ды тұл­ға­ның тір­кеу ор­ны бой­ын­ша жол­да­мауы;
    7) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
    8) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    9) сот орын­да­у­шы­сы­ның ұсы­ны­сы негі­зін­де сот­тың көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ли­цен­зия бе­ру­ге уа­қыт­ша тый­ым са­луы;
    10) заң­ды тұл­ға­ның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кә­сіп­кер­лік ко­дек­сі­нің 24-ба­бы­на сәй­кес кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­рі са­на­ты­на сәй­кес кел­ме­уі;
    11) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның экс­тре­мизм­ге, тер­ро­ризм­ге неме­се ұй­ым­дас­қан қыл­мысқа қар­сы іс-қи­мыл же­лі­сі бой­ын­ша же­ке ба­сын си­паттай­тын, ли­цен­зия бе­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­у­ға әсер ете­тін іш­кі іс­тер ор­ган­да­ры­нан сұ­рау са­лу­лар шең­бе­рін­де алын­ған де­ректер бар;
    12) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы;
    13) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Кү­зет қыз­ме­ті ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ЭЦҚ болған жағ­дай­да Пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­дің тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Пор­тал­да «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан кі­ру ре­жи­мін­де, сон­дай-ақ бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алуы мүм­кін.
    Бі­рың­ғай бай­ла­ныс-ор­та­лы­ғы: 1414, 8-800-080-7777.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.