Батыс-Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 желтоқсан 2024 ж.

    Батыс-Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бәйтерек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Батыс-Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    Н.Хайруллин

    Бәйтерек ауданы мәслихатының

    2024 жылғы 4 желтоқсандағы

    №19-3 шешіміне қосымша

    Батыс-Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

    Атауы
    Жинақталу нормасы
    Жылна 1 тұрғынға м3
    Есептік бірлігі
    Қызметтердің құны ТБО (ҚҚС-сыз тенге)
    Барлығы (ҚҚС-сыз тенге)
    Жинау және тасымалдау
    Көму
    Сұрыптау
    Жайлы емес үйлер
    1,2
    Бір тұрғынға айына
    245,01
    175,58
    58,94
    479,53
    Жеке және заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф
    -
    1 м3
    1837,59
    1316,79
    442,09
    3 596,47

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.