Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Приозерск қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Приозерск қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

    Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Приозерск қалалық мәслихатының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6538-09 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

    2-тараудың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 27-3) тармақшасымен толықтырылсын:

    «27-3) ардагерлерге табыстарын есепке алмай, жылына 1 рет, 14 күннен аспайтын санаторий-курорттық емдеуге растайтын құжаттар (орындалған жұмыстар актісі, шот-фактура және фискалдық төлем чегі) негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеудің кепілдендірілген сомасынан аспайтын жұмсалған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету. Санаторлық-курорттық емделуге жеке абилитация және оңалту бағдарламасы әзірленген мүгедектігі бар ардагерлерге санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төленбейді;».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат төрағасы

    А. Исатаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.