Бәйтерек ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 желтоқсан 2024 ж.

    Бәйтерек ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33110 болып тіркелген) сәйкес, Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаның мөлшерлемелері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    мәслихат төрағасы

    Н. Хайруллин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.