Павлодар облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 желтоқсан 2024 ж.

    Павлодар облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы «Павлодар облысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» № 15/1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 26532 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    осы қаулыны Павлодар облысының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

    осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

    Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы

    С. Батыргужинов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.