«Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 желтоқсан 2024 ж.

    «Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20438 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО);

    2) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;

    3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

    4) спорт федерациясы – спорттың бір немесе бір-неше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым.»;

    11,12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде осы Қағидалардың 1-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша құжаттардың топтамасын ұсына отырып, өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүгінеді.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.

    Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және көрсетілетін қызметті берушілерге жібереді.

    Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және мемлекеттік корпорацияның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

    12. Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

    13. Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының қарауына береді.

    Көрсетілетін қызметті алушы сағат 18:00-ден кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.»;

    15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «15. Тұрғын үй комиссиясының шешімі теріс болған немесе Тізбенің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші комиссияның оң шешімі болған кезде 10 (он) жұмыс күні ішінде ЖАО әкімдігінің көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй беру туралы қаулысын, комиссияның теріс шешімі болған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап шығарады.»;

    18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «18. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.»;

    30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

    «30. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін мемлекеттік органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

    Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

    3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі

    Е. Мырзабосынов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    туризм және спорт

    министрі

    2024 жылғы 9 желтоқсандағы

    № 222

    Бұйрығына қосымша

    Олимпиадалық,

    Паралимпиадалық және

    Сурдлимпиадалық ойындардың

    чемпиондары мен

    жүлдегерлеріне тұрғынжай беру

    және оны пайдалану

    қағидаларына

    2-қосымша

    «Олим­пи­а­да­лық, Па­ра­лим­пи­а­да­лық және Сурдлим­пи­а­да­лық ой­ын­дар­дың чем­пи­он­да­ры мен жүл­де­гер­ле­ріне тұр­ғы­н­жай бе­ру және оны пай­да­ла­ну» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе-ру­ші­нің ата­уы
    Об­лы­стар, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры, аудан­дар және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
    2.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­дау «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет «Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда құ­жат­тар­ды қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    1 ке­зең: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің тұр­ғы­н­жай­мен қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­уы – 3 (үш) ай;
    2 ке­зең: тұр­ғы­н­жай­ды бе­ру – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан оң жа­у­ап ал­ған сәт­тен ба­стап 6 (ал­ты) ай.
    Құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру­ға ар­нал­ған ең жо­ға­ры шек­ті уа­қы­ты – 30 (отыз) ми­нут.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­ге ар­нал­ған ең жо­ға­ры шек­ті уа­қы­ты – 30 (отыз) ми­нут.
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Қа­ғаз тү­рін­де.
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі – тұр­ғы­н­жай­ды пай­да­ла­ну шар­ты неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­л­ген мер­зім­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сіне жү­гін­бе­се, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші оны көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ал­ған­ға дей­ін оның қа­был­дау ор­нын­да сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ете­ді.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция тұр­ғы­н­жай­ды пай­да­ла­ну шар­тын 1 (бір) ай ішін­де сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді, со­дан кей­ін олар­ды әрі қа­рай сақ­тау үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге бе­ре­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы 1 (бір) ай­дан кей­ін жү­гін­ген кез­де, мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның өті­ні­ші бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші тұр­ғы­н­жай­ды пай­да­ла­ну шар­тын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға жет­кі­зу үшін 1 (бір) жұ­мыс кү­ні ішін­де мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жі­бе­ре­ді.
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр-се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ-стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә-сіл­де­рі
    те­гін
    7.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе-ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес ме­ре­ке және де­ма­лыс күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін үзі­ліс­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту бө­лім­де­рі­нің ке­зек­ші­ле­рі дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша же­дел­де­ті­л­ген қыз­мет көр­се­ту­сіз «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді неме­се «www.​egov.​kz» пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ке­зек­ті брон­да­у­ға бо­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен-жай­ла­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ту­ризм және спорт ми­ни­стр­лі­гі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да: www.​gov.​kz/​ent​itie​s/​tsm?​lang=ru «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр-се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға:
    1) же­ке тұл­ға­ның ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ғын цифр­лық құ­жат және (неме­се) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өкі­лі жү­гін­ген кез­де - же­ке тұл­ға­ның но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­ха­ты (сәй­кестен­ді­ру үшін);
    2) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес тұр­ғы­н­жай алу­ға өті­ніш.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың мә­лі­мет­те­рін уәкі­лет­ті ор­ган және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    9.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр-се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка-сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді
    1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­та­уы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту үшін қа­жет­ті де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің «Дене шы­нық­ты­ру және спорт ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 47-ба­бын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та-лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы.
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Ор­га­низм функ­ци­я­ла­ры­ның тұ­рақ­ты бұ­зы­луы бар, өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту, өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру, бағ­дар­лай алу қа­бі­ле­ті­нен неме­се мүм­кін­ді­гі­нен то­лық неме­се іші­на­ра ай­ы­ры­л­ған көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып, бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы өті­ніш бе­ру жо­лы­мен жүр­гі­зе­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға өті­нім бер­ген кез­де дәй­ек­ті­лі­гін қол­таң­ба­мен неме­се элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­мен рас­тай оты­рып, мы­на­дай де­ректер­ді көр­се­те­ді: тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің (ор­на­лас­қан же­рі­нің) ме­кен­жайы, ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік нө­мі­рі, элек­трон­дық ме­кен­жайы.
    Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі «eGov mobile» мо­биль­дік қо­сым­ша­сын­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
    «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 5-ба­бы 2-тар­ма­ғы­ның 11) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ақ­па­рат­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган бел­гі­ле­ген тәр­тіп­пен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту са­ты­сы ту­ра­лы де­ректер­ді мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мо­ни­то­рин­гі­нің ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне ен­гі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­ді.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на ұсы­на­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да көр­се­ті­л­ген те­ле­фон­дар неме­се бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның 1414, 8 800 080 7777 те­ле­фо­ны бой­ын­ша ала­ды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.