Алматы қаласының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 наурыз 2016 ж.

    Алматы қаласының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережені бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

    1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже бекітілсін.

    2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының ғылым, білім, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы С.Ж. Пірәлиевке және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа (келісім бойынша) жүктелсін.

    4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    V сайланған Алматы қаласы мәслихаты LІ сессиясының төрағасы

    Ә. Нәбиев

    V сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы

    Қ. Қазанбаев

    V сайланған Алматы қаласы

    мәслихатының LІ сессиясының

    2016 жылғы 11 наурыздағы № 421

    шешімімен бекітілген

    Алматы қаласының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже

    1. Жалпы ережелер

    1. Осы Алматы қаласының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібін реттейді.

    2. Алматы қаласының Құрмет грамотасы азаматтардың жемісті қызметін қоғамдық түрде мойындаудың көрінісі, маңызды моральдық ынталандыру құралдарының бірі болып табылады.

    3. Алматы қаласының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі – Құрмет грамотасы):

    халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті жұмысты жүзеге асыратын, қайырымдылық қызметпен айналысатын азаматтардың Алматы қаласының алдындағы экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және қоғамдық, мемлекеттiк қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн еңбегін мойындау белгісі ретінде, белсенді қоғамдық-саяси және еңбек қызметі және қала алдындағы өзге де еңбектері үшін азаматтар;

    Алматы қаласының алдында сіңірген еңбегі бар шетел азаматтары марапатталады.

    2. Құрмет грамотасымен марапаттау тәртібі

    4. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл өтілі бар Алматы қаласының азаматтары марапатталады.

    5. Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ұсыныс жасауға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар, заңды тұлғалар және өзге де бастамашылық топтар бастама жасай алады.

    6. Азаматты және шетел азаматын Құрмет грамотасымен марапаттау туралы өтініш хат тегін, атын, әкесінің атын, туылған күнін, айын, жылын, білімі туралы, жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және өтініш жасалған күндегі атқаратын лауазымын толық көрсете отырып, жұмыс орны туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы мәліметтерді, осы Ереженің 3 тармағына сәйкес бұрыннан бар наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметті көрсету арқылы Алматы қаласының әкімдігіне жолданады.

    7. Осы Ереженің 6 тармағында аталған құжаттар марапаттау күнінен кем дегенде жиырма күн бұрын Алматы қаласының әкімдігіне қарау және келісу үшін ұсынылады.

    8. Аталған деректерді уақытында немесе толық ұсынбау өтініш хатты қанағаттандырмай қалдыру үшін негіз болып табылады.

    9. Қайтадан марапаттау алдыңғы марапаттау күнінен бастап 5 жыл өткеннен кейін жүргізіледі.

    10. Құрмет грамотасын табыс ету салтанатты жағдайда жүргізіледі. Құрмет грамотасын қала әкімі немесе оның тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, Алматы қаласы аудандарының әкімдері, және өзге лауазымды адамдар табыс етеді.

    11. Құрмет грамотасына Алматы қаласының әкімі қол қояды.

    12. Құрмет грамотасымен марапаттау мәселелері бойынша құжаттарды жүргізу және ескепке алуды Алматы қаласы әкімінің аппараты жүзеге асырады.

    3. Құрмет грамотасының сипаты

    13. Құрмет грамотасының үлгісі:

    Құрмет грамотасы алдыңғы бетінде алтын түспен жиектелген Алматы қаласының елтаңбасы бейнеленген, алдыңғы көрінісінде аузында Алматы қаласының сегіз ауданын білдіретін сегіз алма ағашының гүлін ұстаған қар барысы бейнеленген дөңгелек шығыстың қалқаны түріндегі негізі бар көк түсті папкадан тұрады.

    Қосымша парақ екі жағынан алтын түстес өрнек жүргізілген А3 форматындағы тығыз жылтыр қағаздан екі бүктелген түрде типографиялық әдіспен дайындалады.

    Қосымша парақтың алдыңғы бетінің жоғарғы жағында алтын түстес өрнек жүрігізілген «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» деген мемлекеттік тілдегі жазу бар, және марапатталушының сіңірген еңбегі мен тегі, аты, әкесінің аты көрсетілетін жер қалдырылған, одан сәл төменде «МАРАПАТТАЛАДЫ» деген сөз жазылады, әрі қарай қол қойылатын орын, мемлекеттік тілде есімнің бірінші әріпі, тегі, төменде табыс етілген күні көрсетіледі.

    Қосымша парақтың беткі жағының ортасында Алматы қаласы елтаңбасының түрлі-түсті суреті бейнеленген.

    Барлық елтаңбаның негізгі түсі ақшыл көк түс - Қазақстан Республикасы туының түсі болып табылады. Дөңгелек сәнді сызықтық жолақтармен және шаңырақтың бөліктері уықтың ұяшығымен жиектелген. Алтын түс аясындағы шеңбердің бойымен қызыл түспен «Алматы» сөзіндегі әріптермен жалғасатын қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Алматы қаласының елтаңбасы келесі түстерден тұрады: алтын түс, қызыл, ақшыл көк, ақ, қызғылт және күміс түс.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.