Өскемен қаласы әкімінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 «Объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 желтоқсан 2024 ж.

    Өскемен қаласы әкімінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 «Объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Өскемен қаласы әкімінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 2 «Объектілік ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

    кіріспе бөлігі (кіріспе) жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жіктемесін белгілеу туралы» бұйрығына, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссияның 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 5, 2024 жылғы 25 қарашадағы № 7 кезекті отырыстарының хаттамаларына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Өскемен қаласы әкімінің міндетін атқарушы

    К. Танекенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.