Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 08/01 «Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» және 2024 жылғы 5 ақпандағы № 07/01 «Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 08/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Ұлытау облысы әкімдігінің «Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 9 ақпандағы № 08/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-20 болып тіркелген);
2) Ұлытау облысы әкімдігінің «Ұлытау облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 08/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2024 жылғы 5 ақпандағы № 07/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90-20 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлытау облысының әкімі
Д. Рыспеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.