«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 862 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 6-4) және 6-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-4) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растау тәртібін және нысанын айқындау;
6-5) өз құзыреті шегінде тауарлардың нысаналы мақсатын растауды жүзеге асыру;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.