Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:
2025 жыл – 2 000 000 000 мың теңге;
2026 жыл – 2 000 000 000 мың теңге;
2027 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.
2-бап. Кесімді баға мөлшерлері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2025 – 2027 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
2025 жыл – бір баррель үшін 42,3 АҚШ доллары;
2026 жыл – бір баррель үшін 41,0 АҚШ доллары;
2027 жыл – бір баррель үшін 39,4 АҚШ доллары.
3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.