Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 27/215-VII «Семей қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қараша 2024 ж.

    Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 27/215-VII «Семей қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 - бабының 5 - тармағына, Қазақстан Республикасы « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» 2022 жылғы 29 шілдедегі № 27/215-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28984 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Семей қаласы мәслихатының төрағасы

    Д. Шакаримов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.