Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 21/154-VII «Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 - бабының 5 - тармағына, Қазақстан Республикасы « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 21/154-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26712 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы мәслихатының төрағасы
Д. Шакаримов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.