Абай облысы Семей қаласының жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қараша 2024 ж.

    Абай облысы Семей қаласының жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабының 1 - тармағына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 510-бабына (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Абай облысы Семей қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген аймақтарға жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Семей қаласы мәслихаты төрағасының міндетін уақытша атқарушы

    Р. Сабитов

    Абай облысы

    Семей қаласы мәслихатының

    2024 жылғы 29 қарашадағы

    № 35/184-VIII шешіміне

    қосымша

    Абай облысы Семей қаласының жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері

    Аймақ нөмірі
    Коэффициент
    I
    1.500
    II
    1.445
    III
    1.338
    IV
    1.361
    V
    1.334
    VI
    1.329
    VII
    1.325

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.