Абай облысы Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қараша 2024 ж.

    Абай облысы Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Абай облысы Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

    2. Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 281 «Бесқарағай ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7639 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    3. «Абай облысы Бесқарағай аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Бесқарағай ауданының әкімі

    Т. Муратов

    Бесқарағай ауданының әкімдігінің

    2024 жылғы 27 қарашадағы

    № 361 қаулысына

    қосымша

    Абай облысы Бесқарағай ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

    Елді мекендерде салық салу объектісінің орналасқан жері
    Аймақтарға бөлу коэффициенті
    Бесқарағай ауылдық округі
    1
    Бесқарағай ауылы
    2,35
    Глуховка ауылдық округі
    2
    Глуховка ауылы
    1,56
    3
    Белокаменка ауылы
    1,35
    4
    Бірлік ауылы
    1,2
    5
    Стеклянка ауылы
    1,35
    6
    Старая крепость ауылы
    1,8
    Беген ауылдық округі
    7
    Беген ауылы
    1,83
    8
    Беген орман шаруашылығы
    0,9
    Баскөл ауылдық округі
    9
    Қарағайлы ауылы
    1,5
    10
    Бөкебай ауылы
    1,2
    11
    Башкөл ауылы
    1,5
    Ерназар ауылдық округі
    12
    Ерназар ауылы
    1,6
    13
    Қоянбай ауылы
    1,35
    14
    Морозов орман шаруашылығы
    1,1
     Малая Владимировка ауылдық округі
    15
    Малая Владимировка ауылы
    1,75
    16
    Бозтал ауылы
    1,25
    Қарабас ауылдық округі
    17
    Қарабас ауылы
    1,5
    18
    Өндіріс ауылы
    1,3
    Жетіжар ауылдық округі
    19
    Жетіжар ауылы
    1,1
    20
    Кривинка ауылы
    1,2
    21
    Лесной ауылы
    1,0
    Канонерка ауылдық округі
    22
    Канонерка ауылы
    1,8
    23
    Қара-Мырза ауылы
    1,3
    24
    Жыланды ауылы
    1,5
    Долон ауылдық округі
    25
    Долон ауылы
    1,2
    26
    Мостик ауылы
    1,5
    27
    Черемушка ауылы
    1,1
    28
    Бөдене ауылы
    1,5

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.