Жарма ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағының 15) - тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27- бабына сәйкес, Жарма ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 3% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.
2. Жарма аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы № 11/216-VIII «Жарма ауданында бөлшек салықтын арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 234-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Мәслихат төрағасы
М. Оспанбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.