Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қараша 2024 ж.

    Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Курчатов қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-3-45 болып тіркелген) Курчатов қалалық мәслихатының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 35/216-ІІІ шешіміне сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Курчатов қаласының әкімшілік бағынысындағы шекараларда, бекітілген аймақтарға бөлу сызбасы бойынша елді мекен жерлерінде Салық кодексінің 505-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі:

    1 аймақ бойынша - 50% -ға арттырылсын;

    2 аймақ бойынша - 50% -ға арттырылсын;

    3 аймақ бойынша - 50% -ға арттырылсын;

    4 аймақ бойынша - 50% -ға арттырылсын;

    5 аймақ бойынша - 40% -ға арттырылсын;

    6 аймақ бойынша - 40% -ға арттырылсын;

    7 аймақ бойынша - 40% -ға арттырылсын;

    8 аймақ бойынша - 40% -ға арттырылсын;

    9 аймақ бойынша - 30% -ға арттырылсын;

    10 аймақ бойынша - 30% -ға арттырылсын;

    11 аймақ бойынша - 30% -ға арттырылсын.

    2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы

    Г. Хусайнова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.