«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалына-жобаларды басқару дирекциясына қоғамдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, заңды тұлғаның өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы –жобаларды басқару дирекциясына Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Шапырашты тұрғын үй алабы, Ақасық көшесі н/с мекенжайында орналасқан Шымкент қаласының білім басқармасының «№70 Сансызбай Бекбосынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін» жалпы алаңы 0,0206 га жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2027 жылдың 08 шілдесіне дейін сервитут белгіленсін.
2. «Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Асыловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы әкімі
Ғ. Сыздықбеков
Согласовано
17.07.2024 11:22 Примкулов Шерхан Ерланулы
17.07.2024 12:28 Өскенбай Айтмахамбет Нұрланұлы
17.07.2024 16:41 Зайров Нуртаза Зубайдуллавич
17.07.2024 19:27 Асылов Куаныш Жумабекович
18.07.2024 10:57 Абдешов Арман Ашимбекович
19.07.2024 17:10 Сейтенов Ержан Иргебаевич
Подписано
26.07.2024 14:53 Сыздыкбеков Габит Абдумажитович
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.