Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 «Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Ақтау қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» Ақтау қаласы әкімінің 2019 жылғы 27 ақпандағы №1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3827 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшада:
№240 сайлау учаскеcі жаңа редакцияда жазылсын:
«№240 сайлау учаскесі
Ақтау қаласы, 32а-шағын аудан, «Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы № 29 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: 32а-шағын ауданының № 1, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15 үйлері, 32б-шағын ауданының № 2, 3 үйлері.»;
№248 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№248 сайлау учаскесі
Ақтау қаласы, 32а-шағын аудан, «Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «Фариза Оңғарсынова атындағы № 29 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекарасы: 32а-шағын ауданының № 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 27, 28, 29, 30 үйлері.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі
А. Байпаков
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақтау қалалық аумақтық
сайлау комиссиясы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.