Теміртау қаласы әкімінің шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 25 қарашадағы №18-1-13/1437-И хаты негізінде, Теміртау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теміртау қаласы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі №5 «Теміртау қаласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын;
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ғ.Әшімов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.