Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қараша 2024 ж.

    Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38 бабының 5)-тармақшасына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы

    Ж. Матаев

    Маңғыстау облыстық

    мәслихатының

    2024 жылғы 28 қарашадағы

    № 16/172

    шешіміне қосымша

    Маңғыстау облысы бойынша 2024 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

    Арнаулы су пайдалану түрлері
    Өлшем бірлігі
    Төлемақы ставкалары (теңге)
    1
    2
    3
    4
    1
    Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер
    1000 текше метр
    66,46
    2
    Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде
    1000 текше метр
    306,91
    3
    Ауыл шаруашылығы
    1000 текше метр
    86,41
    4
    Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары
    1000 текше метр
    83,43
    5
    Су көлігі
    1000 текше метр
    45,34

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.