Астрахан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қараша 2024 ж.

    Астрахан ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Астрахан ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    Астрахан ауданы әкімдігінің «Астрахан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы № 256 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25610 болып тіркелген);

    Астрахан ауданы әкімдігінің «Астрахан ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 256 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2024 жылғы 4 қазандағы № А-10/223 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8837-03 болып тіркелген).

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Астрахан ауданының әкімі

    Т.Ерсеитов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.