«Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Шарбақты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 311/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қараша 2024 ж.

    «Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Шарбақты ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 311/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Шарбақты ауданы әкімдігінің «Шарбақты ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 311/3 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7092 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Ішкі сауда қағидаларының бекіту туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген), Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шарбақты ауданының әкімі

    С. Иманкулов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.