Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 қараша 2024 ж.

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрі

    А. Саткалиев

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрі

    2024 жылғы 25 қарашадағы

    № 412

    Бұйрыққа қосымша

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

    1. «Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 58 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10552 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 262) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидаларда:

    1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтардың болғызбау және оларды жою жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 262) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі авариялық бұзушылықтарды болғызбау және оларды жою тәртібін айқындайды.

    2. Орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператордың өкімдері «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті.».

    2. «Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10547 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 276) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларында:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 276) тармақшасына сәйкес әзірленді және электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету тәртібін айқындайды.».

    3. «Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 248 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10957 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 265) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысы 15-тармағының 265) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің (бұдан әрі – субъектілер) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.»;

    2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес қолданылады.».

    4. «Электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 687 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 12475 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 322) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу қағидаларында:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 322) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін айқындайды.»;

    9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «9. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналып әзірленген болжамды теңгерімі келіп түскен күннен бастап 1 (бір) ай ішінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, оны нарық кеңесіне сараптама қорытындысын алу үшін жібереді.».

    5. «Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12562 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 5-тармағының 274) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 5-тармағының 274) тармақшасына сәйкес әзірленді және жүйелік оператордың қызметтер көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.»;

    5 және 6-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

    «5. Ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтері:

    1) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы 7-1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес электр энергиясының экспортын жүзеге асыру кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға;

    2) Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының импортын жүзеге асыратын көтерме сауда нарығының субъектілеріне;

    3) шартты тұтынушыларға, гибридті топ тұтынушыларына өздерінің құрамына кіретін объектілер үшін электр энергиясын олардың құрамына кіретін генерациялау объектілерінен де, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан да (оның ішінде, Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының үлесін бөлу кезінде) және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан да сатып алған кезде;

    4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне;

    5) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде басқа мемлекеттердің уәкілетті ұйымдарына беріледі.

    6. Жүйелік оператордың ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметіне ақы төлеу былай жүргізіледі:

    1) электр энергиясының экспортын жүзеге асыру кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы нақты баланс деректері негізінде электр энергиясы экспортының нақты көлемі үшін;

    2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының импортын жүзеге асыратын көтерме сауда нарығының субъектілері нақты теңгерім деректері негізінде электр энергиясы импортының нақты көлемі үшін;

    3) шартты тұтынушылар, гибридті топ тұтынушылар өздерінің құрамына кіретін объектілер үшін электр энергиясын олардың құрамына кіретін генерациялау объектілерінен де, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан да (оның ішінде, Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының үлесін бөлу кезінде) және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан да сатып алған кезде шарттың талаптарына сәйкес айқындалған, сондай-ақ электр энергиясының жиынтық нақты көлемі үшін, есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) алынған қорытындылары бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығынан, оның ішінде тиісті есеп айырысу кезеңінде электр энергиясын генерация-тұтынудың нақты теңгерімінің деректері негізінде айқындалған теңгерім провайдерлері арқылы алынған электр энергиясын берудің нақты көлемі үшін;

    4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері – шарттың талаптарына сәйкес айқындалған электр энергиясын жеткізудің нақты көлемдері үшін;

    5) ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары – тиісті шарттарда айқындалған электр энергиясын берудің нақты көлемі үшін.»;

    9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «9. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші ұйымдар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер Заңның 13-бабы 7-2-тармағына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен, оның ішінде теңгерім провайдерлері арқылы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде көрсетіледі.

    Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген электр энергиясының көтерме сауда нарығының басқа субъектілерін қоспағанда, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне олар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде көрсетілмейді.»;

    мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

    «19-1. Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ электр энергиясын сатып алу-сатудың нақты мәндерінің шектес энергия жүйелерімен шекарадағы жоспарланғаннан ауытқуын барынша азайту мақсатында, теңгерімдеуге қатысуға өтінімдер бойынша жоғарылатуға немесе төмендетуге теңгерімдеу көлемдерінің жеткіліксіздігі жағдайында және (немесе) техникалық шектеулер салдарынан оларды іске қосу мүмкін болмаған кезде энергия өндіруші ұйымдарға генерацияны арттыруға Жүйелік оператордың диспетчерлік командаларын береді.»;

    34-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

    «10) генерацияны арттыру үшін жүйелік оператордың диспетчерлік командаларының орындалуын қамтамасыз етеді.»;

    қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    6. «Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15973 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 350) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларында:

    1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 350) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде (бұдан әрі – Қазақстан БЭЖ-і) электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау тәртібін белгілейді.»;

    2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданылады.».

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрінің

    өзгерістер мен толықтырулар

    енгізілетін кейбір

    бұйрықтарының тізбесіне

    қосымша

    Жүйелік оператордың қызмет

    көрсету, жүйелік және қосалқы

    көрсетілетін қызметтер нарығын

    ұйымдастыру және оның жұмыс

    істеу қағидаларына

    қосымша

    Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарықтарындағы электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі

    20___жылғы ______________

    Электр станцияларынан электр энергиясын жеткізу

    ( кВт. сағ)

     
    Мәлімделген жеткізілім
    Нақты жеткізілім
    Өтінімнен ауытқу
    Өтінімнен ауытқу %
    Электр энергиясын жүйеге жалпы жіберу
    Солтүстік Қазақстан (дәстүрлі энергия көздері)
     
     
     
    Оңтүстік Қазақстан (дәстүрлі энергия көздері)
    ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар (Солтүстік + Оңтүстік)
    Батыс Қазақстан (дәстүрлі энергия көздері)
    ЖЭК пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар (Батыс)
    Электр энергиясын жеткізу Солтүстік Қазақстан – Ресей Федерациясы
    20___жылғы___________
    (кВтсағ )
    (Қа­зақ­стан­ға қа­ты­сты бел­гі, бі­рін­ші бо­лып кім­ге са­ту жү­зе­ге асы­ры­ла­ты­ны көр­се­ті­ле­ді)
    Мә­лім­дел­ген жет­кі­зі­лім
    Нақ­ты жет­кі­зі­лім
    Өті­нім­нен ауыт­қу
    Өті­нім­нен ауыт­қу %
    Сол­тү­стік Қа­зақ­стан-Ре­сей саль­до-ағы­ны
    со­ның ішін­де Сол­тү­стік Қа­зақ­стан­ның экс­пор­ты бар­лы­ғы:
    Сол­тү­стік Қа­зақ­стан­ның им­пор­ты бар­лы­ғы:
    Электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу Ба­тыс Қа­зақ­стан – Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы
    20___­жы­л­ғы­_____________
    (кВтсағ )
    Мә­лім­дел­ген жет­кі­зі­лім
    Нақ­ты жет­кі­зі­лім
    Өті­нім­нен ауыт­қу
    Өті­нім­нен ауыт­қу %
    (Қа­зақ­стан­ға қа­ты­сты бел­гі, бі­рін­ші бо­лып кім­ге са­ту жү­зе­ге асы­ры­ла­ты­ны көр­се­ті­ле­ді)
    Ба­тыс Қа­зақ­стан – Ре­сей саль­до-ағы­ны
    со­ның ішін­де Ба­тыс Қа­зақ­стан­ның экс­пор­ты
    бар­лы­ғы:
    Ба­тыс Қа­зақ­стан­ның им­пор­ты
    бар­лы­ғы:
    Ор­та­лық Азия БЭЖ-іне электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу
    20___­жы­л­ғы­_____________
    ( кВтсағ )
    Мә­лім­дел­ген жет­кі­зі­лім
    Нақ­ты жет­кі­зі­лім
    Өті­нім­нен ауыт­қу
    Өті­нім­нен ауыт­қу %
    Ор­та­лық Азия БЭЖ-іне саль­до-ағын
    бар­лы­ғы:
    со­ның ішін­де Қа­зақ­стан экс­пор­ты бар­лы­ғы:
    Қа­зақ­стан им­пор­ты бар­лы­ғы:
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тұ­ты­ну­шы­ла­ры­на электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу
    20___­жы­л­ғы­_____________
    ( кВтсағ )
    Мә­лім­дел­ген жет­кі­зі­лім
    Жа­сыл электр энер­ги­я­сы­ның үле­сі кВтсағ
    Жа­сыл электр энер­ги­я­сы­ның үле­сі %
    Нақ­ты жет­кі­зі­лім
    Тұ­ты­ну­шы­лар­ға электр энер­ги­я­сын жиын­тық жет­кі­зу:
    со­ның ішін­де Сол­тү­стік ай­мақ­тың тұ­ты­ну­шы­ла­ры­на жет­кі­зу 
    со­ның ішін­де Пав­ло­дар энер­гия то­ра­бы 
    Шы­ғыс Қа­зақ­стан энер­гия то­ра­бы 
    Абай энер­гия то­ра­бы 
    Қа­ра­ған­ды энер­гия то­ра­бы 
    Ұлы­тау энер­гия то­ра­бы 
    Қо­ста­най энер­гия то­ра­бы 
    Ақ­мо­ла энер­гия то­ра­бы 
    Көк­ше­тау энер­гия то­ра­бы
    Сол­тү­стік Қа­зақ­стан энер­гия то­ра­бы 
    Ақ­тө­бе энер­гия то­ра­бы
    Оң­тү­стік ай­мақ­тың тұ­ты­ну­шы­ла­ры­на жет­кі­зу
    со­ның ішін­де Жам­был энер­гия то­ра­бы
    Қы­зы­лор­да энер­гия то­ра­бы
    Түр­кі­стан энер­гия то­ра­бы
    Ал­ма­ты энер­гия то­ра­бы
    Же­ті­су энер­гия то­ра­бы
    Ба­тыс ай­мақ­тың тұ­ты­ну­шы­ла­ры­на жет­кі­зу
    со­ның ішін­де Ба­тыс Қа­зақ­стан энер­гия то­ра­бы
    Аты­рау энер­гия то­ра­бы
    Маң­ғы­стау энер­гия то­ра­бы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның энер­гия то­рап­та­ры бой­ын­ша тұ­ты­ну­шы­лар­ға электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу
    20___­жы­л­ғы­__________
    ( кВтсағ )
    Бе­кі­ті­л­ген тәу­лік­тік гра­фик, со­ның ішін­де
    Тұ­ты­ну­шы­лар
    БСН
    Тең­ге­рім про­вай­де­рі
    Өнім беруші
    Мә­лім­дел­ген жет­кі­зі­лім
    Жа­сыл электр энер­ги­я­сы­ның үле­сі
    Жа­сыл электр энер­ги­я­сы­ның үле­сі, %
    Нақ­ты жет­кі­зі­лім
    Пав­ло­дар энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    1-тұ­ты­ну­шы
    со­ның ішін­де
    оң тең­ге­рім­сіз­дік
    те­ріс тең­ге­рім­сіз­дік
    2-тұ­ты­ну­шы
    со­ның ішін­де
    оң тең­ге­рім­сіз­дік
    те­ріс тең­ге­рім­сіз­дік
    ……..
    Шы­ғыс Қа­зақ­стан энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    1-тұ­ты­ну­шы
    со­ның ішін­де
    оң тең­ге­рім­сіз­дік
    те­ріс тең­ге­рім­сіз­дік
    2-тұ­ты­ну­шы
    со­ның ішін­де
    оң тең­ге­рім­сіз­дік
    те­ріс тең­ге­рім­сіз­дік
    ……..
    Абай энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    ….
    Қа­ра­ған­ды энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    ….
    Ұлы­тау энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Қо­ста­най энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Ақ­мо­ла энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Көк­ше­тау энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Сол­тү­стік Қа­зақ­стан энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Ал­ма­ты энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Же­ті­су энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Жам­был энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Түр­кі­стан энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Қы­зы­лор­да энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Ақ­тө­бе энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Ба­тыс Қа­зақ­стан энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Аты­рау энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Маң­ғы­стау энер­гия то­ра­бы
    бар­лы­ғы
    …….
    Электр стан­ци­я­ла­ры­ның электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу
    со­ның ішін­де
    Нақ­ты жет­кі­зі­лім
    Мә­лім­дел­ген жет­кі­зі­лім
    оң тең­ге­рім­сіз­дік
    те­ріс тең­ге­рім­сіз­дік
    Же­лі­ге боса­ту 1-стан­ция
    Электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу
    со­ның ішін­де 1-тұ­ты­ну­шы
    2-тұ­ты­ну­шы
    Же­лі­ге боса­ту 2-стан­ция
    Электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу
    со­ның ішін­де 1-тұ­ты­ну­шы
    2-тұ­ты­ну­шы
    Же­лі­ге боса­ту N-стан­ция
    Электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу
    со­ның ішін­де 1-тұ­ты­ну­шы
    2-тұ­ты­ну­шы
    "KEGOC" АҚ электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу
    Мә­лім­дел­ген жет­кі­зі­лім
    Нақ­ты жет­кі­зі­лім
    Өті­нім­нен ауыт­қу
    Өті­нім­нен ауыт­қу %
    "KEGOC" АҚ электр энер­ги­я­сын са­тып алу 
    Бі­рың­ғай са­тып алушы­дан
    "ИН­ТЕР РАО" ЖАҚ-дан (Мың­көл, Уә­ли­ха­нов)
    "ИН­ТЕР РАО" ЖАҚ-дан (тең­ге­рім­де­у­ші на­рық)
    ЭТН Есеп ай­ы­ры­су ор­та­лы­ғы­нан
    со­ның ішін­де "ИН­ТЕР РАО" ЖАҚ үшін
    ...
    "KEGOC" АҚ тең­ге­рім­де­у­ші электр энер­ги­я­сын са­тып алу
    Шы­ғын­дар­ды өтеу үшін "KEGOC" АҚ электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу
    Сол­тү­стік ЖЭТ
    Шы­ғыс ЖЭТ
    Ор­та­лық ЖЭТ
    Са­ры­бай ЖЭТ
    Ақ­мо­ла ЖЭТ
    Ал­ма­ты ЖЭТ
    Оң­тү­стік ЖЭТ
    Ақ­тө­бе ЖЭТ
    Ба­тыс ЖЭТ
    Ша­ру­а­шы­лық қа­жет­ті­лік­тер
    со­ның ішін­де Сол­тү­стік ЖЭТ
    Шы­ғыс ЖЭТ
    Ор­та­лық ЖЭТ
    Са­ры­бай ЖЭТ
    Ақ­мо­ла ЖЭТ
    Ал­ма­ты ЖЭТ
    Оң­тү­стік ЖЭТ
    Ақ­тө­бе ЖЭТ
    Ба­тыс ЖЭТ
    "ИН­ТЕР РАО" ЖАҚ үшін (тең­ге­рім­де­у­ші на­рық)
    ЭТН есеп ай­ы­ры­су ор­та­лы­ғы үшін
    со­ның ішін­де "ИН­ТЕР РАО" ЖАҚ үшін
    "KEGOC" АҚ те­ріс тең­ге­рім­сіз­дік­те­рін са­ту
    "Қар­жы-есеп ай­ы­ры­су ор­та­лы­ғы" ЖШС электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу (Бі­рың­ғай са­тып алушы)
    Бе­кі­ті­л­ген тәу­лік­тік гра­фик
    жа­сыл электр энер­ги­я­сы­ның үле­сі
    жа­сыл электр энер­ги­я­сы­ның үле­сі
    %
    Қа­зақ­стан­ның энер­гия көз­де­рі­нен электр энер­ги­я­сын са­тып алу бар­лы­ғы
    Дәс­түр­лі энер­гия көз­де­рі­нен электр энер­ги­я­сын са­тып алу (Сол­тү­стік)
    1-стан­ция
    2-стан­ция
    …………..
    N стан­ци­я­сы
    ЖЭК объ­ек­ті­ле­рі­нен электр энер­ги­я­сын са­тып алу (Сол­тү­стік)
    1-стан­ция
    2-стан­ция
    …………..
    N стан­ци­я­сы
    Дәс­түр­лі энер­гия көз­де­рі­нен электр энер­ги­я­сын са­тып алу (Оң­тү­стік)
    1-стан­ция
    2-стан­ция
    …………..
    N стан­ци­я­сы
    ЖЭК объ­ек­ті­ле­рі­нен электр энер­ги­я­сын са­тып алу (Оң­тү­стік)
    1-стан­ция
    2-стан­ция
    …………..
    N стан­ци­я­сы
    Дәс­түр­лі энер­гия көз­де­рі­нен электр энер­ги­я­сын са­тып алу (Сол­тү­стік)
    1-стан­ция
    2-стан­ция
    …………..
    N стан­ци­я­сы
    ЖЭК объ­ек­ті­ле­рі­нен электр энер­ги­я­сын са­тып алу (Ба­тыс)
    1-стан­ция
    2-стан­ция
    …………..
    N стан­ци­я­сы
    Им­порт са­тып алу
    ЭТН Есеп ай­ы­ры­су ор­та­лы­ғы
    Қа­зақ­стан тұ­ты­ну­шы­ла­ры­на электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу бар­лы­ғы
    Тұ­ты­ну­шы­лар­ға электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу (Сол­тү­стік)
    1-тұ­ты­ну­шы
    2-тұ­ты­ну­шы
    ……………..
    N тұ­ты­ну­шы
    Тұ­ты­ну­шы­лар­ға электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу (Оң­тү­стік)
    1-тұ­ты­ну­шы
    2-тұ­ты­ну­шы
    ……………..
    N тұ­ты­ну­шы
    Тұ­ты­ну­шы­лар­ға электр энер­ги­я­сын жет­кі­зу (Ба­тыс)
    1-тұ­ты­ну­шы
    2-тұ­ты­ну­шы
    ……………..
    N тұ­ты­ну­шы
    ЭТН Есеп ай­ы­ры­су ор­та­лы­ғы
    Тең­ге­рім­де­у­ші на­рық­тың есеп ай­ы­ры­су ор­та­лы­ғы­ның электр энер­ги­я­сын жет­кі­зуі
    ( кВтсағ )
    Нақ­ты жет­кі­зі­лім
    Мә­лім­дел­ген жет­кі­зі­лім
    Тең­ге­рім­де­у­ші электр энер­ги­я­сын са­тып алу
    Те­ріс тең­ге­рім­сіз­дік­тер­ді са­ту
    Оң тең­ге­рім­сіз­дік­тер­ді са­тып алу
    Сол­тү­стік ай­мақ тұ­ты­ну­шы­ла­ры
    со­ның ішін­де 1-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    2-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    …………..
    N тең­ге­рім про­вай­де­рі
    Оң­тү­стік ай­мақ­тың тұ­ты­ну­шы­ла­ры
    со­ның ішін­де 1-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    2-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    ………………
    Ба­тыс ай­мақ­тың тұ­ты­ну­шы­ла­ры
    со­ның ішін­де 1-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    2-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    ………………
    N тең­ге­рім про­вай­де­рі
    Те­ріс тең­ге­рім­сіз­дік­тер­ді са­ту
    Сол­тү­стік ай­мақ тұ­ты­ну­шы­ла­ры
    со­ның ішін­де 1-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    2-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    ………………
    N тең­ге­рім про­вай­де­рі
    Оң­тү­стік ай­мақ­тың тұ­ты­ну­шы­ла­ры
    со­ның ішін­де 1-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    2-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    ………………
    N тең­ге­рім про­вай­де­рі
    Ба­тыс ай­мақ­тың тұ­ты­ну­шы­ла­ры
    со­ның ішін­де 1-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    2-тең­ге­рім про­вай­де­рі
    ………………
    N тең­ге­рім про­вай­де­рі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.