«Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қараша 2024 ж.

    «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

    Оқу бағдарламалары мен жоспарлары жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына бөлінеді. Оқу процесін жоспарлау кезінде оқу жоспарлары осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес білікті жұмысшы кадрлар деңгейлеріне арналған модульдік оқыту технологиясы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ) үлгілік оқу жоспарына қойылатын талаптар негізінде әзірленеді.

    Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу жоспарларында міндетті компоненттің сағат көлемі (теориялық оқыту, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, аралық және қорытынды аттестаттау) Үлгілік оқу жоспарына сәйкес айқындалады.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. ТжКБ ұйымының білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде:

    1) оқу пәндерінің көлемін міндетті оқуға бөлінген кредиттердің және (немесе) сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарларына және үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес пәндердің мазмұнына сәйкес айқындайды;

    2) бiр мамандық шеңберінде бiлiктiлiк бірізділігін, тiзбесiн және санын айқындайды;

    3) оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемі қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша мамандық бейіні ескеріле отырып айқындалады.

    Мамандық бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беретін пәндерге: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті», «Орыс тілі және әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтар үшін), «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті», « Қазақ тілі және әдебиеті» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтар үшін), «Шетел тілі», «Математика», «Информатика», «Қазақстан тарихы», «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери-технологиялық дайындық», « Физика», «Химия», «Биология», «География», «Графика және жобалау», «Дүниежүзі тарихы» және «Жаһандық құзыреттілік» курсы жатады.

    «Дене шынықтыру» бойынша сабақтар міндетті болып табылады және теориялық оқыту кезеңінде аптасына кемінде 3 сағат жоспарланады, оның ішінде факультативтік сабақтар немесе спорт секциялары есебінен аптасына 1 сағат жоспарлауға жол беріледі.

    Білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақтар қыздарға ұлдармен бірге «Медициналық білім негіздері» бөлімі бойынша – бөлек өткізіледі. Алғашқы әскери дайындық курсы аяқталғаннан кейін білім алушылармен жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп оқу-далалық (лагерь) жиындар өткізіледі. Оқу-далалық жиын кезеңінде қыз балалар медицина жұмыскерінің жетекшілігімен ТжКБ ұйымдарында медициналық-санитариялық дайындықтан өтеді. «Өмір қауіпсіздігі негіздері» оқу бағдарламасының мазмұны «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің шеңберінде жүзеге асырылады;»;

    13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалау әртүрлі бақылау түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.

    Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) пәнді, соның ішінде модульге біріктірілген пәнді оқуға бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.

    Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және аралық аттестаттауды өткізу нысандарын, тәртібі мен кезеңділігін дербес таңдайды.

    Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтар үшін қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті; оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтар үшін орыс тілі, қазақ тілі және әдебиеті; Қазақстан тарихы, математика және мамандық бейініне сәйкес білім беру ұйымының таңдау пәні бойынша емтихандар өткізуді көздейді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша емтихандар «Жалпы білім беретін пәндер» модуліне бөлінген кредиттер және (немесе)/сағаттар есебінен өткізіледі.

    ТжКБ білім беру бағдарламасының аяқталуына қарай қорытынды аттестаттау өткізіледі.

    Оны өткізуге арналған оқу уақытының көлемі 2 аптадан аспайтын уақытты құрайды.

    Қорытынды аттестаттау ТжКБ бағдарлама түлектерінің кәсіби даярлығын бағалау болып табылады және:

    1) білімді бағалау;

    2) дағдыларды бағалаудан тұрады.

    Қорытынды аттестаттау білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйымдармен келісілген мерзімде өткізіледі.

    Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламасының түлектерін қорытынды бағалаудың, қорытынды аттестаттаудың (мемлекеттік емтихан) оң нәтижелері білім деңгейі туралы құжатты және маман сертификатын алуға құқық береді.

    14. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аптасына 54 сағаттан аспайды.

    Білім алушының оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы академиялық кезеңдерден (семестрлерден), аралық аттестаттау кезеңдерінен, практикалардан және (немесе) өндірістік оқытудан, каникулдардан, қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұратынын ескеру қажет.

    Оқу жылындағы оқу жүктемесінің жалпы саны кемінде 75 кредитті немесе кемінде 1800 академиялық сағатты құрайды. Студенттің педагогтың жетекшілігімен аудиториялық жұмысы және өзіндік жұмысының көлемі (бұдан әрі – ПСӨЖ) жылына 60 кредитті /1440 сағатты құрайды, бұл ретте ПСӨЖ көлемі әрбір пән көлемінің отыз пайызынан аспайды. Студенттің өзіндік жұмыс көлемі (бұдан әрі – СӨЖ) жылына 15 кредитті/360 сағатты құрайды.

    Дуальды оқыту кезінде СӨЖ оқу жоспарларында көзделмейді.

    Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар көзделген.

    Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір пән және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді. 1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.»;

    ТжКБ-нің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген стандартқа 2-қосымшамен бекітілген орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Орта білімнен кейінгі білімнің (бұдан әрі – ОБКБ) мазмұны білім беру бағдарламаларымен айқындалады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады. ОБКБ бағдарламаларының мазмұны теориялық сабақтарды, зертханалық-практикалық жұмыстарды орындауды, өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді қамтитын базалық және кәсіптік құзыреттерді игеруді көздейді.

    Білім беру бағдарламаларын ОБКБ ұйымдары жұмыс берушілердің қатысуымен осы стандарттың 1-қосымшасы нда көзделген мамандық және біліктілік бойынша ОБКБ бағдарламалары түлегінің базалық және кәсіптік құзыреттіліктерінде көрсетілген оқытудың түкқілікті нәтижелеріне, кәсіптік стандарттар (бар болса) және WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде дербес әзірлейді.

    Білім беру бағдарламасына:

    1. Білім беру бағдарламасының паспорты;

    2. Құзыреттер тізімі;

    3. Білім беру бағдарламасының мазмұны:

    3.1. Модульдердің (пәндердің)мазмұны;

    3.2. Білім беру бағдарламасының модульдері (пәндері) бөлінісінде игерілген кредиттер/сағаттар көлемін көрсететін жиынтық кесте;

    3.3. Құзыреті бойынша пәндер матрицасы (модульдік бағдарламалар үшін).

    ОБКБ білім беру бағдарламаларында оқыту нәтижелері көрсетіледі, олардың негізінде пәндер/модульдер бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламалары әзірленеді.

    Білім беру ұйымының қалауы бойынша білім беру бағдарламалары әр оқу жылының басында жұмыс берушілердің, WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттарының (бар болса) өзгеретін талаптарына сәйкес өзектендіріледі.

    6 - тармақ алып тасталсын;

    7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Кәсіби модульдердің мазмұны (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер) экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздіктің заманауи талаптарын ескереді.»;

    8. Кәсіптік модульдер (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер) үлгілік оқу жоспарларына сәйкес айқындалады.

    ОБКБ білім беру бағдарламалары теориялық оқытумен қатар өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді көздейді.

    Кәсіптік практика оқу, өндірістік және диплом алды болып бөлінеді.

    Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.

    Дуальды оқытуды пайдаланумен ОБКБ білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.

    9. Жұмыс оқу жоспарлары осы стандарттың 2-қосымшасы на сәйкес ОБКБ үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленеді.

    Жұмыс оқу жоспарлары оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып оқу бағдарламасының барлық модульдері бойынша әзірленеді және ОБКБ ұйымымен бекітіледі.

    10. ОБКБ ұйымы білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде:

    1) оқу пәндерінің көлемін міндетті оқуға бөлінген кредиттердің және (немесе) сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарларына және үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес пәндердің мазмұнына сәйкес айқындайды;

    2) бiр мамандық шеңберінде бiлiктiлiк бірізділігін, тiзбесiн және санын айқындайды;

    3) оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.»;

    23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Білім алушылардың ең жоғары оқу жүктемесі аптасына 54 сағаттан аспайды.

    Оқу жүктемесі білім алушының білім беру бағдарламасында белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізуі үшін талап етілетін уақытпен өлшенеді.

    Оқу жүктемесі білім алушының барлық оқу қызметін қамтиды – дәрістер, семинарлар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика, оның ішінде педагогтің жетекшілігімен өзіндік жұмыс.

    Білім алушының оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы академиялық кезеңдерден (семестрлерден), аралық аттестаттау кезеңдерінен, практикалардан және (немесе) өндірістік оқытудан, каникулдардан, қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұратынын ескеру қажет.

    Академиялық кезеңдер мен демалыстардың ұзақтығын ОБКБ ұйымы дербес айқындайды.»;

    24. Оқу жылындағы оқу жүктемесінің жалпы саны кемінде 75 кредитті немесе кемінде 1800 академиялық сағатты құрайды. Педагогтің басшылығымен студенттің аудиториялық жұмысы мен өзіндік жұмысының көлемі (СӨЖ) жылына 60 кредитті /1440 сағатты құрайды, бұл ретте ӨЖЖ көлемі әрбір пәннің және/немесе модульдің көлемінің отыз пайызынан аспайды. Студенттің өзіндік жұмыс көлемі (СӨЖ) жылына 15 кредитті /360 сағатты құрайды.

    Қосарлы оқыту кезінде СӨЖ оқу жоспарларында көзделмейді.

    Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар қарастырылған.

    26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «26. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін көзделген кешкі оқу нысаны үшін 70% құрайды.

    31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «31. ОБКБ кадрларды даярлау жалпы орта білімнің, ТжКБ-нің, ОБКБ-нің, сондай-ақ жоғары білімнің базасында жүзеге асырылады.

    Техникалық және кәсіптік білімнің, ОБКБ-нің, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базасында оқуға түскен кезде формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің оқу нәтижелері автоматты түрде танылады, меңгерілген академиялық кредиттер саны және оқу ұзақтығы қысқарады.».

    ОБКБ-нің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Жалпы білім беретін пәндер циклінің көлемі 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Дене шынықтыру, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).»;

    17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «17. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша эксперименттік-зерттеу жұмыстары шеңберінде білім алушының жеке жұмыс жоспарымен инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) денсаулық сақтау саласының ұйымдарында ғылыми тағылымдамадан өту көзделеді.»;

    келесі мазмұндағы 19-1 тармақпен толықтырылсын:

    «19-1. Кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар тиісті бейіндегі оқытушылардың және (немесе) оқу бейіні бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын мамандардың үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің білім беру бағдарламасы білім алушылардың магистрлік жобаларына жетекшілік етуді жүзеге асыруы.»;

    24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «24. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен адамдарға «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламаларының берілетін дәрежелерінің атаулары бойынша Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымшаға сәйкес дәреже беріледі, қосымшамен (транскрипт) және (немесе) дипломға (Diploma Supplement) (саплэмент дипломы) жалпыеуропалық қосымшамен жоғары білімі туралы диплом беріледі, бұл маманға денсаулық сақтау саласындағы сертификатты алуға мүмкіндік береді.

    25. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен адамдарға «Медицина», «Педиатрия» білім беру бағдарламаларының түлектеріне «Медицина магистрі», «Стоматология» білім беру бағдарламасының түлектеріне – «Стоматология магистрі», «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының түлектеріне «Медицина магистрі» дәрежесі беріледі – «Денсаулық сақтау магистрі», дипломға қосымшасы (транскрипт) және (немесе) жалпыеуропалық қосымшасы бар жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом (diploma Supplement (диплом саплэмент), «Медицина», «Педиатрия» білім беру бағдарламаларының түлектері үшін «Дәрігер» біліктілігін бере отырып, «Стоматология» білім беру бағдарламасының түлектері үшін интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі – «Дәрігер стоматолог (ересектер, балалар)», «Медициналық-профилактикалық іс» білім беру бағдарламасының түлектері үшін – «Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог».»;

    40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «40. Осы стандарттың 38, 39-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі үлгілік оқу жүктемесін білдіреді. Студент семестр ішінде академиялық кредиттердің аз немесе көп санын меңгереді. Білім алушылардың жекелеген санаттары үшін оқыту нысаны мен технологиясына байланысты оқыту нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты ерекшеленеді және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОБҰ) дербес есептеледі.

    Білім алушы оқытудың жеке траекториясын айқындау кезінде жоғары оқу орындары компоненті және (немесе) таңдау компоненті шеңберінде негізгі білім беру бағдарламасы (Major (мейджер)) бойынша пәндерді таңдайды.»;

    Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша осы бұйрыққа 3–қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

    75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «75. Резидентурада даярлау аудиториялық жұмысты, тәлімгердің жетекшілігімен дербес клиникалық жұмысты және білім алушының өзінің дербес жұмысын қамтиды. Теориялық даярлық көлемі оқу бағдарламасы көлемінен 20% -дан аспайды. Онлайн оқытуды пайдалана отырып өткізілетін сабақтардың ең аз көлемі оқу жоспары көлемінен 20 %-дан аспайтын көлемге жол беріледі.

    Резидентурада онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін ЖЖОБҰ-да, ғылыми-зерттеу институттарында/ғылыми орталықтарда мыналарды қамтамасыз етеді:

    - өзінің ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің (ақпараттық-білім беру порталы, веб-сайт, білім беруді кредиттік технологиямен қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау жүйелері) және өзге де ақпараттық-білім беру ресурстары мен оқу процесін ұйымдастыру үшін жағдайлардың болуы;

    - оқытуды басқару жүйесінде цифрлық контенттің, синхронды (бір уақытта 200 (екі жүз) пайдаланушыны қосу мүмкіндігі бар бейне-конференц байланысы үшін бағдарламалық қамтамасыз ету) және асинхронды оқыту, онлайн-прокторинг жүйелерінің функциялары бар цифрлық платформалардың болуы.

    - оқу материалын қашықтан оқыту форматына тиімді бейімдей алатын, білім алушылардың үлгерімі мен кері байланысын бағалаудың тиімді жүйелерін әзірлей алатын білікті педагог кадрлардың онлайн оқыту;

    - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау процесінің әділдігі мен объективтілігі;

    - пәндерді оқытатын оқытушылар бейіні бойынша кемінде 3 жылда бір рет, бір оқу курсының көлемі кемінде 60 сағат біліктілікті арттырудан өтуді.

    - оқу материалдарының «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес келу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген);

    - барлық білім алушыларға, олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып және оқу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып материалдарының қолжетімділігін;

    - оқыту кезінде білім алушыларға оқытушылар немесе техникалық мәселелер жөніндегі мамандар тарапынан қолдау және көмек алу мүмкіндігін беруді.»;

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2025 жылғы 1 қыркүйекте қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елі үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы және жетпіс жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы және тоқсаныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а.

    Т. Султангазиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Оқу-ағарту министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау

    министрінің м.а.

    2024 жылғы 29 қарашадағы

    № 101

    Бұйрыққа 1-қосымша

    Техникалық және

    кәсіптік білім берудің

    мемлекеттік жалпыға

    міндетті стандартына

    1-қосымша

    Білікті жұмысшы кадрлар деңгейлеріне арналған модульдік оқыту технологиясы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары

    Цик­л­дер­дің және оқу жұ­мысы­ның ата­уы
    Кре­дит/са­ғат са­ны
    ЕББҚ бар тұ­лға­лар үшін (ақыл-ойы сақ­тал­ма­ған)
    негіз­гі ор­та бі­лім ба­за­сын­да
    жал­пы ор­та бі­лім ба­за­сын­да
    тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім, жо­ға­ры бі­лім ба­за­сын­да
    1
    2
    3
    4
    5
    Бі­лік­ті жұ­мыс­шы кадр­лар
    1
    Жал­пы бі­лім бе­ру пән­де­рі
    +
    75 (60+15 СӨЖ)/1800(1440+360 СӨЖ)
    -
    -
    2
    Жал­пы гу­ма­ни­тар­лық пән­дер
    +
    +
    +
    +
    3
    Жал­пы кә­сіп­тік пән­дер
    +
    +
    +
    +
    4
    Ар­найы пән­дер
    +
    +
    +
    +
    5
    Өн­ді­рі­стік оқы­ту және кә­сіп­тік прак­ти­ка*
    жал­пы кә­сіп­тік және ар­найы пән­дер­дің жал­пы кө­ле­мі­нің ке­мін­де 40%
    6
    Ара­лық ат­те­стат­тау
    +
    +
    +
    +
    7
    Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау
    +
    +
    +
    +
    Мін­дет­ті оқы­ту қо­ры­тындысы
    120/2880
    150 (120+30)/3600 (2880+720 СӨЖ) – 225 (180+45)/5400 (4320+1080 СӨЖ)**
    75 (60+15)/1800 (1440+360 СӨЖ) – 150 (120+30)/3600 (2880+720 СӨЖ)**
    75 (60+15)/1800 (1440+360 СӨЖ)
    8
    Фа­куль­та­тив­тік са­бақ­тар
    ап­та­сы­на 4 са­ғат­тан ас­пай­ды
    9
    Кон­суль­та­ция
    оқу жы­лы­на 100 са­ғат­тан ас­пай­ды
    Бі­лім алушы­ның оқу жүк­те­ме­сі­нің жал­пы са­ны кре­дит­пен/са­ғат­пен
    138/3312
    168 (138+30)/4032 (3312+720) – 252 (207+45)/6048 (4968+1080 СӨЖ)**
    84 (69+15)/2016 (1656+360) – 168 (138+30)/4032 (3312+720 СӨЖ)**
    84 (69+15)/2016 (1656+360 СӨЖ)
    Ор­та буын ма­ма­ны
    1
    Жал­пы бі­лім бе­ру пән­де­рі
    75 (60+15 СӨЖ)/1800 (1440+360 СӨЖ)
    -
    -
    2
    Жал­пы гу­ма­ни­тар­лық пән­дер
    +
    +
    +
    3
    Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық пән­дер
    +
    +
    +
    4
    Жал­пы кә­сіп­тік пән­дер
    +
    +
    +
    5
    Ар­найы пән­дер
    +
    +
    +
    6
    Өн­ді­рі­стік оқы­ту және кә­сіп­тік прак­ти­ка*
    жал­пы кә­сіп­тік және ар­найы пән­дер­дің жал­пы кө­ле­мі­нің ке­мін­де 40%
    7
    Ара­лық ат­те­стат­тау
    +
    +
    +
    8
    Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау
    +
    +
    +
    Мін­дет­ті оқы­ту қо­ры­тындысы
    -
    225 (180+45)/5400 (4320+1080 СӨЖ) – 300 (240+60)/7200 (5760+1440 СӨЖ)
    150 (120+30)/3600 –225 (180+45)/5400 (4320+1080 СӨЖ)
    75 (60+15)/1800 (1440+360 СРС) – 150 (120+30)/3600 (2880+720 СӨЖ) **
    9
    Фа­куль­та­тив­тік са­бақ­тар
    ап­та­сы­на 4 са­ғат­тан ас­пай­ды
    10
    Кон­суль­та­ция
    оқу жы­лы­на 100 са­ғат­тан ас­пай­ды
    Бі­лім алушы­ның оқу жүк­те­ме­сі­нің жал­пы са­ны кре­дит­пен/са­ғат­пен
    252 (207+45)6048 (4968+1080 СӨЖ) – 336 (276+60)/8064 (6624+1440 СӨЖ)**
    168 (138+30)/4032 (3312+720 СРС) – 252 (207+45)/6048 (4968+1080 СӨЖ)**
    84 (69+15)/2016 (1656+360)-168 (138+30)/4032 (3312+720)**
    Ескертпе:
    ЕБҚ – ерекше білім беру қажеттіліктері ;
    СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы.
    * оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау.
    ** біліктіліктің күрделілігіне байланысты анықталады.

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау

    министрінің м.а.

    2024 жылғы 29 қарашадағы

    № 101

    Бұйрыққа 2-қосымша

    Орта білімнен кейінгі

    білім берудің мемлекеттік

    жалпыға міндетті

    стандартына

    2-қосымша

    Орта білімнен кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспары

    Р/с
    Мо­дуль­дер бло­гы және оқу қыз­ме­ті түр­ле­рі­нің ата­уы
    Кре­дит­тер/са­ғат­тар са­ны
    Жал­пы ор­та бі­лім ба­за­сын­да
    Бі­лік­ті жұ­мыс­шы кадр­ла­ры­ның бі­лік­ті­лі­гі мен тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім ба­за­сын­да
    Ор­та буын ма­ма­ны бі­лік­ті­лі­гі мен тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім ба­за­сын­да
    Жо­ға­ры бі­лім ба­за­сын­да
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1
    Ба­за­лық мо­дуль­дер
    +
    +
    +
    +
    2
    Кә­сіп­тік мо­дуль­дер
    +
    +
    +
    +
    3
    Ара­лық ат­те­стат­тау
    +
    +
    +
    +
    4
    Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау
    +
    +
    +
    +
    Мін­дет­ті оқы­ту жиы­ны
    225 (180+45 СӨЖ)/5400 (4320+1080 СӨЖ)**
    150 (120+30 СӨЖ)/3600(2880+ 720 СӨЖ)**
    75 (60+15 СӨЖ)/1800 (1440+360 СӨЖ)
    75 (60+15 СРС)/1800 (1440+360 СӨЖ)
    5
    Фа­куль­та­тив­тік са­бақ­тар
    ап­та­сы­на 4 са­ғат­тан ас­пай­ды
    6
    Кон­суль­та­ция
    оқу жы­лы­на 100 са­ғат­тан ас­пай­ды
    Бар­лы­ғы
    252 (207+45 СӨЖ)/6048 (4968+1080 СӨЖ)
    168 (138+30 СӨЖ)/4032 (3312+720 СӨЖ)
    84 (69+15 СӨЖ)/2016 (1656+360 СӨЖ)
    84 (69+15 СРС)/2016 (1656+360 СӨЖ)
    Ескертпе:
    СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы.
    * Өндірістік оқыту және / немесе кәсіптік практика кәсіптік модульдердің кемінде 40%-ды құрайды.
    ** Білікті жұмысшы кадрлардың және орта буын маманы деңгейлері бойынша (бар болса) мәндес біліктіліктердің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.
    *** Орта буын маманы деңгейі бойынша (бар болса) мәндес біліктіліктердің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау

    министрінің м.а.

    2024 жылғы 29 қарашадағы

    № 101

    Бұйрыққа 3-қосымша

    Жоғарғы білім берудің

    мемлекеттік жалпыға

    міндетті стандартына

    қосымша

    «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламаларының берілетін дәрежелерінің атаулары

    №/п
    Бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ата­уы
    Ба­ка­лаври­ат­тың бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша бе­рі­ле­тін дә­ре­же
    Үз­дік­сіз ин­те­гра­ци­я­лан­ған ме­ди­ци­на­лық бі­лім бе­ру­дің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша бе­рі­ле­тін дә­ре­же
    мем­ле­кет­тік тіл­де
    орыс ті­лін­де
    ағы­л­шын ті­лін­де
    мем­ле­кет­тік тіл­де
    орыс ті­лін­де
    ағы­л­шын ті­лін­де
    1
    Жал­пы ме­ди­ци­на, ме­ди­ци­на, пе­ди­ат­рия
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша ме­ди­ци­на ба­ка­лав­ры
    ба­ка­лавр ме­ди­ци­ны по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Bachelor of Medicine (code, name educational program)
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша ден­са­улық ме­ди­ци­на ма­ги­стрі
    ма­гистр ме­ди­ци­ны по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Master of Medicine (code, name educational program)
    2
    Сто­ма­то­ло­гия
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша сто­ма­то­ло­гия ба­ка­лав­ры
    ба­ка­лавр сто­ма­то­ло­гии по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Bachelor of Dentistry (code, name educational program)
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша сто­ма­то­ло­гия ма­ги­стрі
    ма­гистр сто­ма­то­ло­гии по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Master of Dentistry (code, name educational program)
    3
    Ме­ди­ци­на­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық іс
    -
    -
    -
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша ден­са­улық сақ­тау ма­ги­стрі
    ма­гистр здра­во­охра­не­ния по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Master of Health (code, name educational program)
    4
    Мей­ір­би­ке де­ло
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша мей­ір­гер ісі ба­ка­лав­ры
    ба­ка­лавр сест­рин­ско­го де­ла по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Bachelor of Nursing (code, name educational program)
    -
    -
    -
    5
    Фар­ма­ция
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша фар­ма­ция ба­ка­лав­ры
    ба­ка­лавр фар­ма­ции по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Bachelor of Pharmacy (code, name educational program)
    -
    -
    -
    6
    Қо­ғам­дық ден­са­улық
    «бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы­ның ко­ды және ата­уы» бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша қо­ғам­дық ден­са­улық ба­ка­лав­ры
    ба­ка­лавр Об­ще­ствен­но­го здо­ро­вья по об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­ме «код и на­име­но­ва­ние об­ра­зо­ва­тель­ной про­грам­мы»
    Bachelor of Public health (code, name educational program)
    -
    -
    -

    Денсаулық сақтау

    саласындағы жоғары

    білім берудің мемлекеттік

    жалпыға міндетті стандартына

    қосымша

    «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламасының үлгілік оқу жоспары

    Цик­л­дер мен пән­дер­дің ата­уы
    Жал­пы ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы
    Мей­ір­гер ісі
    Фар­ма­ция, Қо­ғам­дық ден­са­улық
    Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
    Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
    Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
    Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1
    Жал­пы бі­лім бе­ре­тін пән­дер цик­лі (ЖБП)
    1680
    56
    1680
    56
    1)
    Мін­дет­ті ком­по­нент
    1530
    51
    1530
    51
    Қа­зақ­стан та­рихы
    150
    5
    150
    5
    Фи­ло­со­фия
    150
    5
    150
    5
    Шет ті­лі
    300
    10
    300
    10
    Қа­зақ (орыс) ті­лі
    300
    10
    300
    10
    Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар
    150
    5
    150
    5
    Әле­умет­тік-са­я­си бі­лім мо­ду­лі (Әле­умет­та­ну, Са­я­сат­та­ну, Мә­де­ни­ет­та­ну, пси­хо­ло­гия)
    240
    8
    240
    8
    Дене шы­нық­ты­ру
    240
    8
    240
    8
    2)
    ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    150
    5
    150
    5
    2
    Ба­за­лық пән­дер цик­лі (ДҚ)
    ке­мін­де 330
    ке­мін­де 110
    ке­мін­де 4200
    ке­мін­де 140
    1)
    ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    2)
    Кә­сіп­тік прак­ти­ка
    3
    Бей­ін­де­у­ші пән­дер цик­лі (ПД)
    ке­мін­де 1950
    ке­мін­де 65
    ке­мін­де 2850
    ке­мін­де 95
    1)
    ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    2)
    Кә­сіп­тік прак­ти­ка
    4
    Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі (БЖТ)
    1)
    Таң­дау бой­ын­ша Ком­по­нент
    5
    Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау
    ке­мін­де 120
    ке­мін­де 4
    ке­мін­де 120
    ке­мін­де 4
    1)
    Ке­шен­ді ем­ти­ханды дай­ын­дау және тап­сы­ру
    120
    4
    120
    4
    Қо­ры­тын­ды
    ке­мін­де 7200
    ке­мін­де 240
    ке­мін­де 9000
    ке­мін­де 300
    Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларының үлгілік оқу жоспары
    № п/п
    Пән­дер цик­л­де­рі­нің және қыз­мет түр­ле­рі­нің ата­уы
    Жал­пы ең­бек сый­ым­ды­лы­ғы
    Ме­ди­ци­на­лық-про­фи­лак­ти­ка­лық іс
    Ме­ди­ци­на, Пе­ди­ат­рия, Сто­ма­то­ло­гия
    Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
    Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
    Ака­де­ми­я­лық са­ғат­тар­да
    Ака­де­ми­я­лық кре­дит­тер­де
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1
    Жал­пы бі­лім бе­ре­тін пән­дер цик­лі (ЖБП)
    1680
    56
    1680
    56
    1)
    Мін­дет­ті ком­по­нент
    1530
    51
    1530
    51
    Қа­зақ­стан та­рихы
    150
    5
    150
    5
    Фи­ло­со­фия
    150
    5
    150
    5
    Шет ті­лі
    300
    10
    300
    10
    Қа­зақ (орыс) ті­лі
    300
    10
    300
    10
    Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар
    150
    5
    150
    5
    Әле­умет­тік-са­я­си бі­лім мо­ду­лі (Әле­умет­та­ну, Са­я­сат­та­ну, Мә­де­ни­ет­та­ну, пси­хо­ло­гия)
    240
    8
    240
    8
    Дене шы­нық­ты­ру
    240
    8
    240
    8
    2)
    ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    150
    5
    150
    5
    2
    Ба­за­лық пән­дер цик­лі (ДҚ)
    ке­мін­де 1950
    ке­мін­де 65
    ке­мін­де 2850
    ке­мін­де 95
    1)
    ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    Оның ішін­де: Шет ті­лі (кә­сі­би) Ме­недж­мент Бас­қа­ру пси­хо­ло­ги­я­сы
    180
    6
    180
    6
    2)
    Кә­сіп­тік прак­ти­ка
    3
    Бей­ін­де­у­ші пән­дер цик­лі (ПД)
    ке­мін­де 3600
    ке­мін­де 120
    ке­мін­де 4500
    ке­мін­де 150
    1)
    ЖОО ком­по­нен­ті және (неме­се) таң­дау ком­по­нен­ті
    2)
    Кә­сіп­тік прак­ти­ка
    3)
    Ин­тер­на­ту­ра
    ке­мін­де 900
    ке­мін­де 30
    ке­мін­де 900
    ке­мін­де 30
    4
    Оқы­ту­дың қо­сым­ша түр­ле­рі (БЖТ)
    1)
    Таң­дау бой­ын­ша ком­по­нент
    5
    Экс­пе­ри­мент­тік-зерт­теу жұ­мысы (ЭФИР)
    390
    13
    390
    13
    6
    Қо­ры­тын­ды ат­те­стат­тау
    ке­мін­де 360
    ке­мін­де 12
    ке­мін­де 360
    ке­мін­де 12
    1)
    Ма­ги­стр­лік жо­ба­ны жа­зу, қор­ғау және ке­шен­ді ем­ти­хан тап­сы­ру
    360
    12
    360
    12
    Қо­ры­тын­ды
    ке­мін­де 9000
    ке­мін­де 300
    ке­мін­де 10800
    ке­мін­де 360

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.