Баянауыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қазандағы № 351/61 «Баянауыл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қараша 2024 ж.

    Баянауыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қазандағы № 351/61 «Баянауыл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Баянауыл аудандық мәслихатының «Баянауыл ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы» 2020 жылғы 27 қазандағы № 351/61 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7030 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері, бюджетті жоспарлау және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Баянауыл аудандық мәслихатының төрағасы

    Р. Мукашев

    Баянауыл аудандық

    мәслихатының 2024 жылғы

    26 қарашадағы № 212/25

    Шешіміне қосымша

    Баянауыл аудандық

    мәслихатының

    2020 жылғы 27 қазандағы

    № 351/61 шешіміне

    2 қосымша

    Баянауыл ауданының жер салығының мөлшерлемелерін арттыру

    Жерлердің орналасу аймақтары
    Арттыру пайызы
    Ақсаң ауылдық округі
    1
    + 50
    Баянауыл ауылдық округі
    1
    + 50
    Бірлік ауылдық округі
    1
    + 50
    Жаңажол ауылдық округі
    1
    + 50
    Жаңатілек ауылдық округі
    1
    + 50
    Қаратомар ауылдық округі
    1
    + 50
    Күркелі ауылдық округі
    1
    + 50
    Қызылтау ауылдық округі
    1
    + 50
    Құндыкөл ауылдық округі
    1
    + 50
    Майқайың кенті
    1
    + 50
    Сәтбаев ауылдық округі
    1
    + 50
    Торайғыр ауылдық округі
    1
    + 50
    Ұзынбұлақ ауылдық округі
    1
    + 50

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.