Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қараша 2024 ж.

    Мәслихаттың 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

    Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қостанай облыстық мәслихатының «Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2018 жылғы 2 ақпандағы № 229 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің қосымшасында:

    Әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 58, 59 - жолдармен толықтырылсын:

    «

    58
    Әулиекөл-Қостанай-Әулиекөл (ауданаралық (қалааралық облысішілік))
    59
    Сарыкөл-Қостанай-Сарыкөл (ауданаралық (қалааралық облысішілік))

    ».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қостанай облыстық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы

    С. Манасбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.