Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 73/1 «Ақсу қаласының және Ақсу қаласы ауылдық округтерінің аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қараша 2024 ж.

    Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 73/1 «Ақсу қаласының және Ақсу қаласы ауылдық округтерінің аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Ақсу қаласының және Ақсу қаласы ауылдық округтерінің аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 73/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7195 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақсу қаласының әкімі

    Б. Шарипов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.