Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 444-бабы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, Тараз қаласында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және 2016 жылдың 1 мамырынан қолданысқа енгізіледі.

    Тараз қалалық мәслихаты сессиясының төрайымы

    Ж.Бүркітбаева

    Тараз қалалық мәслихатының хатшысы

    Б. Нарбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.