«2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 наурыздағы №75 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жетісу облысының әкімдігінің «2024 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» 2024 жылғы 11 наурыздағы №75 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №194426 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің бірінші орынбасары
А. Жаканбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.