«2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 28 мамырдағы №А-5/236 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 қараша 2024 ж.

    «2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № А-5/236 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 28 мамырдағы № А-5/236 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Ақмола облысының әкімі

    М.Ахметжанов

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 14 қарашадағы

    № А-11/542 қаулысына

    қосымша

    Ақмола облысы әкімдігінің

    2024 жылғы 28 мамырдағы

    № А-5/236 қаулысына

    қосымша

    2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Білім беру саласының коды және атауы
    Даярлау бағытының коды және атауы
    Гранттардың саны
    (күндізгі оқу нысаны бойынша)
    Оқу жылы ішінде бір білім алушыны (маманды) оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны
    (мың теңге)
    2024 жылғы
    4 айға
    2025 жылғы 8 айға
    Бакалавриат
    6B01 Педагогикалық ғылымдар
    6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
    1
    336,0
    672,1
    6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
    9
    336,0
    672,1
    6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
    85
    336,0
    672,1
    6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
    77
    336,0
    672,1
    6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
    184
    336,0
    672,1
    6В019 Арнайы педагогика
    2
    336,0
    672,1
    6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
    6B071 Инженерия және инженерлік іс
    1
    336,5
    673,1
    6В09 Ветеринария
    6В091 Ветеринария
    2
    363,1
    726,2
    6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
    6B022 Гуманитарлық ғылымдар
    2
    352,0
    704,0
    6B10 Денсаулық сақтау
    6B101 Денсаулық сақтау
    354
    406,1
    812,2
    Жиыны:
    717
    Резидентура
    7R01 Денсаулық сақтау (медицина)
    7R011 Денсаулық сақтау
    90
    603,8
    1207,5
    7R01 Денсаулық сақтау (медицина) ерекше мәртебесі бар
    7R011 Денсаулық сақтау
    1
    646,6
    1293,3
    Жиыны:
    91
    Барлығы:
    808

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.