«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қараша 2024 ж.

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақ мынадай мазмұндағы 152-4) тармақшамен толықтырылсын:

    «152-4) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеуді өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.