Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қыркүйек 2024 ж.

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Занының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Меңдіқара аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 01-27/416 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

    1. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі Красная Пресня ауылының жеке секторының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

    Е. Әуезханов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.