«Тарих және мәдениет ескерткішін тексерулер бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 12 ақпандағы № 27 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 97 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 қараша 2024 ж.

    «Тарих және мәдениет ескерткішін тексерулер бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 12 ақпандағы № 27 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 97 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Тарих және мәдениет ескерткішін тексерулер бойынша тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 12 ақпандағы № 27 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 24 ақпандағы № 97 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6116 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

    2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы

    __________Б. Омарбеков

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    __________А. Балаева

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының

    Құқықтық статистика және

    арнайы есепке алу

    жөніндегі комитеті

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.