«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 сәуір 2026 ж.

    «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ережесінің 15 тармағының 229-31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Арнаулы әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1 және 2-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    С. Жакупова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрі

    2024 жылғы 15 қарашадағы

    № 428 бұйрыққа

    қосымша

    «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ереженің 15-тармағының 229-31) тармақшасына сәйкес әзірленді және әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

    2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

    3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша құрылған және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж адамдарға (отбасыларға) стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар;

    4) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

    5) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

    6) электрондық өтініш – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

    7) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

    8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

    2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    3. «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) астананың, республикалық маңызы бар қаланың, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның тұрғылықты жері бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар) көзделген құжаттармен қоса, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымша ларға сәйкес нысан бойынша өтінішті:

    1) Мемлекеттік корпорация;

    2) көрсетілетін қызметті беруші;

    3) портал арқылы ұсынады.

    Өтінішті үшінші тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша ұсынады.

    5. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін, нысанын және нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.

    6. Көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушыдан келісім алады.

    Көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорация қызметкері цифрлық құжаттарды құжат иесінің порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен берілген келісімі болған кезде іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

    Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге талаптардың 8-тармағында көрсетілген құжаттар туралы мәлеметтерді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сұрау салу көмегімен «Электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    Ақпараттық жүйелерде көрсетілетін қызметті алушының мәліметтері сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтінішке құжаттар қоса беріледі.

    7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

    8. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын Мемлекеттік корпорацияға ұсынады.

    9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасы берілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

    көрсетілетін қызметті берушіде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі;

    порталда – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушыдан тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы электрондық қолхат береді, онда қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетіледі, өтініш берушінің жүгінуі бойынша қолхат қағаз форматта беріледі.

    10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды көрсетілетін қызметті алушының өзі жүзеге асырады.

    Растайтын мәліметтерді алған кезде портал арқылы сұрау салуды жүзеге асырған көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-мен электрондық өтінішті куәландырады.

    Көрсетілетін қызметті алушы талап етілетін құжаттарды берген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

    11. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы деректерді «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-Собес» ААЖ) енгізеді.

    Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация, портал арқылы жүгінген кезде өтініштен алынған деректер автоматты түрде «Е-Собес» ААЖ-ға беріледі.

    12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттарды тексеруді жүзеге асырады.

    13. Көрсетілетін қызметті беруші қажетті құжаттарды тексергеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына келіп түскен мүлікке билік ету, зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу және сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру жөніндегі бұйрық шығарады.

    14. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

    Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.

    Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК 74-бабына сәйкес жүргізіледі.

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға 2 (екі) жұмыс күні ішінде оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне», жеке өзіне не 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі.

    15. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

    16. Дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның графигіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады, өкіл сондай-ақ өкілдің тиісті өкілеттілігі көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжатты ұсынады.

    Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

    17. Осы Қағидаларға мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығын, Мемлекеттік корпорацияны, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын және көрсетілетін қызметті берушілерді енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабардар етеді.

    3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    18. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету сауалдары бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына ҚР ӘРПК-ға және Заңға сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсеткен кезде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

    19. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    20. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    21. Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    22. Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    23. Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген кезде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрі

    2024 жылғы 15 қарашадағы

    № 428 Қағидаға

    1 қосымша

     
    Нысан
     
    __________________________ басшысына
    (органның атауы)
    Қорғаншы/қамқоршы_________________
    ____________________________________
    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
    және жеке сәйкестендіру нөмірі)
    ____________________________________
    мекенжайы бойынша тұратын
    телефон___________________________________

    Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру үшін өтініш

    Сізден (қажетін таңдау):

    - қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға шот ашуға (жабуға), карта мен пин конвертті алуға, сондай-ақ ________________________ ағымдағы және карточкалық шоттарды пайдалануға, оның ішінде_________________________ келіп түскен зейнетақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша операцияларды жүргізуге,

    -_____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуына байланысты ________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан

    ____________________________________________________________________ (мұраға құқығы туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі)

    мұраға қалдырылған мүлікке билік етуге;

    - қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі

    ____________________________________________________________________

    (техникалық паспорт, техникалық құралдарға иелік құқығын дәлелдейтін құжат)

    көлік құралына қатысты мәмілені жүзеге асыруға;

    - ___________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беруге, шарттарды бұзуға) мүлікке билік етуге;

    - қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі __________________________________________________ мекенжайы бойынша ораналасқан мүлікті (немесе мүліктің _____ үлесін) иеліктен шығаруға;

    - ______________________________________________мүлікке қатысты:

    қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі _______________________________________ мекенжайы бойынша ораналасқан

    мүлікті кепілге қоюға рұқсат сұраймын.

    «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің және қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеген адамның дербес деректерін жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

    20__жылғы «___» __________ _______________________ (өтініш берушінің қолы)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрі

    2024 жылғы 15 қарашадағы

    № 428 Қағидаға

    2 қосымша

    Нысан

    «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беруүшін өтініш

    Сізден (қажетін таңдау):

    - қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға шот ашуға (жабуға), карта мен пин конвертті алуға, сондай-ақ ________________________ ағымдағы және карточкалық шоттарды пайдалануға, оның ішінде_________________________ келіп түскен зейнетақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша операцияларды жүргізуге,

    - _____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуына байланысты _______________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан __________________________________________________________

    (мұраға құқығы туралы куәліктегі жазбаға сәйкес көрсетіледі)

    мұраға қалдырылған мүлікке билік етуге;

    - қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі

    ____________________________________________________________________

    (техникалық паспорт, техникалық құралдарға иелік құқығын дәлелдейтін құжат)

    көлік құралына қатысты мәмілені жүзеге асыруға;

    - ___________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан (құқықтар мен міндеттемелерді басқаға беруге, шарттарды бұзуға) мүлікке билік етуге;

    - қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі __________________________________________________ мекенжайы бойынша ораналасқан мүлікті (немесе мүліктің _____ үлесін) иеліктен шығаруға;

    - ___________________________________________мүлікке қатысты:

    қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға меншік құқығында тиесілі _______________________________________ мекенжайы бойынша ораналасқан мүлікті кепілге қоюға рұқсат сұраймын.

    «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес менің және қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеген адамның дербес деректерін жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

    Өтініш берушінің байланыс деректері:

    ұялы телефоны _______________ E-mail ______________________________

    тұрғылықты мекенжайы__________________________________________

      ЭЦҚ _____________________________________________________

    Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты: _______ жылғы ____._____________. сағат ____ минут ____секунд ____

    «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет

    қабілеті шектеулі кәмелетке толған

    адамның мүлкіне билік ету, шотына

    түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды,

    әлеуметтік төлемдерді алу бойынша

    және соттың шешімімен әрекетке

    қабілетсіз немесе әрекет қабілеті

    шектеулі деп танылған азаматтардың

    мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Ескерту. 3-қосымшаның осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданыста болады - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 30.04.2026 № 163 бұйрығымен.

    Нысан

    «Әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі кәме­лет­ке толған адам­ның мүл­кіне би­лік ету, шо­ты­на түс­кен зей­не­та­қы­лар­ды, жәр­де­ма­қы­лар­ды, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алу бой­ын­ша және сот­тың ше­ші­мі­мен әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі деп та­ны­л­ған аза­мат­тар­дың мүл­кін ие­лік­тен шы­ға­ру­ға рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ата­уы
    Әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі кәме­лет­ке толған адам­ның мүл­кіне би­лік ету, шо­ты­на түс­кен зей­не­та­қы­лар­ды, жәр­де­ма­қы­лар­ды, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алу бой­ын­ша және сот­тың ше­ші­мі­мен әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі деп та­ны­л­ған аза­мат­тар­дың мүл­кін ие­лік­тен шы­ға­ру­ға рұқ­сат бе­ру
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы
    1. Әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі кәме­лет­ке толған адам­ның мүл­кіне би­лік ету, шо­ты­на түс­кен зей­не­та­қы­лар­ды, жәр­де­ма­қы­лар­ды, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алу бой­ын­ша ше­шім бе­ру;
    2. Сот ше­ші­мі­мен әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі деп та­ны­л­ған кәме­лет­ке толған адам­ның мүл­кін ие­лік­тен шы­ға­ру­ға рұқ­сат бе­ру
    3
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің
    ата­уы
    Рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғаудың жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    Бар­лық кі­ші түр­лер бой­ын­ша өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:
    1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы
    3) «цифр­лық үкі­мет» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді.
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    1) құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ге, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап, сон­дай-ақ пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де – 5 (бес) жұ­мыс кү­ні;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның құ­жат­та­рын тап­сы­ру үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут;
    3) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 ми­нут.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған)/ қа­ғаз тү­рін­де
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    - Әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі кәме­лет­ке толған адам­ның мү­лі­гіне би­лік ету, шо­ты­на түс­кен зей­не­та­қыр­лар­ды, жәр­де­ма­қы­лар­ды, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алу жө­нін­де­гі ше­шім ту­ра­лы бұй­рық;
    - Сот ше­ші­мі­мен әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі деп та­ны­л­ған кәме­лет­ке толған аза­мат­тар­дың мүл­кін ие­лік­тен шы­ға­ру­ға бұй­рық;
    - Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар­дың 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    Пор­тал­да мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» жі­бе­рі­ле­ді және сақ­та­ла­ды.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    9
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және цифр­лық объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, түс­кі үзі­лі­сті ес­ке­ре оты­рып, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін өті­ніш­ті қа­был­дау және Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру.
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес ме­ре­ке және де­ма­лыс күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­те­тін ке­зек­ші бө­лім­де­рін­де дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін.
    Қа­был­дау «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бі­мен, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның тір­кел­ген же­рі бой­ын­ша неме­се қам­қор­лық­қа мұқ­таж кәме­лет­ке тол­ма­ған адам­ның тір­кел­ген же­рі бой­ын­ша же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы «брон­да­у­ға» бо­ла­ды.
    3) пор­тал­да: жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да: www.​edu.​gov.​kz;
    2) www.​egov.​kz. пор­тал­да жа­ри­я­лан­ған.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі кәме­лет­ке толған адам­ның мү­лі­гіне би­лік ету, шо­ты­на түс­кен зей­не­та­қыр­лар­ды, жәр­де­ма­қы­лар­ды, әле­умет­тік тө­лем­дер­ді алу жө­нін­де­гі ше­шім­ді алу үшін жү­гін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға неме­се пор­тал ар­қы­лы мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
    1) Қа­ғи­да­лар­ға 1, 2-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат не цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жа­ты (сәй­кестен­ді­ру үшін);
    3) әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі кәме­лет­ке толған адам­ға қор­ған­шы­лық неме­се қам­қор­шы­лық бел­гі­леу ту­ра­лы мә­лі­мет (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің қор­ған­шы­лық неме­се қам­қор­шы­лық бел­гі­леу ту­ра­лы бұй­ры­ғы);
    4) қам­қор­лық­қа (қор­ған­шы­лық­қа) алы­ну­шы­ның ие­лі­гін­де­гі мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тар (мү­лік­ке би­лік ету және ие­лік­тен шы­ға­ру үшін);
    5) заң бой­ын­ша мұ­ра­ға құқық ту­ра­лы ку­ә­лік (но­та­ри­устан) (заң бой­ын­ша мұ­ра ал­ған жағ­дай­да) (мү­лік­ке би­лік ету және ие­лік­тен шы­ға­ру үшін);
    6) қам­қор­лық­қа (қор­ған­шы­лық­қа) алы­ну­шы­ның кө­лік құ­ра­лы­на мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат (мү­лік­ке би­лік ету және ие­лік­тен шы­ға­ру үшін);
    7) екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­де неме­се «Қаз­поч­та» АҚ-да қам­қор­лық­қа (қор­ған­шы­лық­қа) алы­ну­шы­ға шот ашы­л­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма;
    8) қам­қор­лық­қа (қор­ған­шы­лық­қа) алы­ну­шы­ның кі­рі­сте­рін (зей­не­та­қы­лар, жәр­де­ма­қы­лар, әле­умет­тік және бас­қа да тө­лем­дер) рас­тай­тын құ­жат­тар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы сот ше­ші­мі бой­ын­ша әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі деп та­ны­л­ған кәме­лет­ке толған адам­ның мүл­кін ие­лік­тен шы­ға­ру­ға рұқ­сат алу үшін жү­гін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға неме­се пор­тал ар­қы­лы мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды:
    1) Қа­ғи­да­лар­ға сәй­кес 1, 2-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
    3) әре­кет­ке қа­бі­лет­сіз неме­се әре­кет қа­бі­ле­ті шек­те­улі кәме­лет­ке толған адам­ға қор­ған­шы­лық неме­се қам­қор­шы­лық бел­гі­леу ту­ра­лы мә­лі­мет (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің қор­ған­шы­лық неме­се қам­қор­шы­лық бел­гі­леу ту­ра­лы бұй­ры­ғы);
    4) мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын мү­лік­ке құқық бел­гі­лей­тін құ­жат­тар (мү­лік­ке би­лік ету және ие­лік­тен шы­ға­ру үшін);
    5) заң бой­ын­ша мұ­ра­ға құқық ту­ра­лы ку­ә­лік (но­та­ри­устан) (заң бой­ын­ша мұ­ра ал­ған жағ­дай­да) (мү­лік­ке би­лік ету және ие­лік­тен шы­ға­ру үшін);
    6) кө­лік құ­рал­да­ры­на мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құ­жат (мү­лік­ке би­лік ету және ие­лік­тен шы­ға­ру үшін);
    7) ке­піл­дік мін­дет­те­ме­лер (но­та­ри­устан) (мү­лік­ті са­тқан жағ­дай­да) (мү­лік­ке би­лік ету және ие­лік­тен шы­ға­ру үшін).
    Жо­ға­ры­да атал­ған 2),3),4),6),8) тар­мақ­ша­лар­да көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден уәкі­лет­ті ла­у­а­зым­ды адам­дар­дың элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық мә­лі­мет­тер және (неме­се) құ­жат­тар ны­са­нын­да ала­ды.
    Цифр­лық жүй­е­лер­де­гі мә­лі­мет­тер сәй­кес кел­ме­ген (бол­ма­ған) кез­де өті­ніш­ке ти­іс­ті құ­жат­тар қо­са ұсы­на­ла­ды.
    Құ­жат­тар­ды пор­тал ар­қы­лы бер­ген кез­де құ­жат­тар элек­трон­дық кө­шір­ме тү­рін­де ұсы­ны­ла­ды.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс емес еке­нін бел­гі­леу;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің «Неке (ер­лі-зай­ып­ты­лық) және от­ба­сы ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ко­дек­сі­нің 127, 128-бап­та­рын­да бе­кі­ті­л­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған.
    12
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    1. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры ин­тер­нет-ре­сур­стар­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған:
    1) Ми­ни­стр­лік­те – www.​enbek.​gov.​kz, «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мі;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – www.​gov4c.​kz.
    2. Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен өз-өзіне қыз­мет көр­се­ту, өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру­ды, бағ­дар жа­са­уды жү­зе­ге асы­ру қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық неме­се жар­ты­лай жо­ғал­тқан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар қа­был­да­уды 1414, 88000807777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гі­ну жо­лы­мен тұ­ра­тын же­ріне Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі ба­ра оты­рып жүр­гі­зе­ді.
    3. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған кез­де элек­трон­дық ны­сан­да қам­қор­шы­лық­ты/қор­ған­шы­лық­ты бел­гі­леу ту­ра­лы ақ­па­рат алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ 1414, 8 800 080 777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол­же­тім­ді­лік ре­жи­мін­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты алу мүм­кін­ді­гі бар.
    Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың цифр­лық жүй­е­ле­рін­де ав­то­ри­за­ци­я­лан­ған субъ­ек­ті­лер үшін қол­же­тім­ді.
    Субъ­ект мо­биль­дік қо­сым­ша­да және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың цифр­лық жүй­е­ле­рін­де қол­же­тім­ді әді­стер­мен ав­тор­лан­ды­ру­дан өте­ді, бұ­дан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» де­ген бө­лім­де одан әрі пай­да­ла­ну үшін қа­жет­ті құ­жат­ты қа­рай­ды.

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрі

    2024 жылғы 15 қарашадағы

    № 428 Қағидаға

    4-қосымша

    Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салулар

    «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының ЖСН бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мынадай:

    1) ЖТ МДҚ-дан көрсетілетін қызметті берушінің жеке басын куәландыратын;

    2) ЖТ МДҚ-дан қамқорлыққа және (немесе) қорғаншылыққа алынған адамның жеке басын куәландыратын;

    3) ЖТ МДҚ-дан көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы;

    4) ЖТ МДҚ-дан қамқорлыққа және (немесе) қорғаншылыққа алынған адамның тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы;

    5) ҚЖМБМК-дан қамқорлыққа және (немесе) қорғаншылыққа алынған адамның жылжымайтын мүлігі туралы;

    6) қамқорлыққа және (немесе) қорғаншылыққа алынған адамның зейнетақы және әлеуметтік төлемдері (зейнетақы және жәрдемақы Еңбекмині АЖ-дан);

    7) Еңбекмині АЖ-дан қамқорлық және (немесе) қорғаншылық туралы мәлімет (қамқорлық тізілімі).

    Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымның АЖ-дан сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ЭЦҚ-мен, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның, көрсетілетін қызметті берушінің немесе көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын жүзеге асырған ЭЦҚ-мен куәландырылады.

    Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

    АЖ – ақпараттық жүйе;

    ҚЖМБМК– Қазақстанның жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры;

    ЖТ МДҚ – «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры;

    ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

    Еңбекмині АЖ – «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» ақпараттық жүйесі;

    ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

    «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет

    қабілеті шектеулі кәмелетке толған

    адамның мүлкіне билік ету, шотына

    түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды,

    әлеуметтік төлемдерді алу бойынша

    және соттың шешімімен әрекетке

    қабілетсіз немесе әрекет қабілеті

    шектеулі деп танылған азаматтардың

    мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабын және 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті атқарушы орган, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен /дәйексіз құжаттарды, атап айтқанда:

    1) ________________________________________;

    2) ________________________________________;

    3) ….

    ұсынуыңызға/көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәлеметтердің сәйкес келмеуіне (керегін сызу) байланысты ___________________ мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

    Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.

    ___________________________________________________________

    Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)

    Орындаушы: _______________________________________________

    тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Телефон: ___________________________________________________

    Алды: ___________________________________________________

    Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

    20__ жылғы «___» _________

    ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрі

    2024 жылғы 15 қарашадағы

    № 428 Қағидаға

    6-қосымша

    Нысан

    Рұқсат беру туралы БҰЙРЫҚ

    Қорғаншылық және қамқоршылық органының функцияларын жүзеге асырушы уәкілетті орган _____________________________________________

    ____________________________________________________ өтінішін қарап,

    қорғаншының/қамқоршының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Ш Е Ш Т І

    Қорғаншы/қамқоршы ________________________________________________________________________ (негіздеме) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    1. қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушыға шот ашуға (жабуға), карта мен пин конвертті алуға, сондай-ақ ________________________ ағымдағы және карточкалық шоттарды пайдалануға, оның ішінде_________________________ келіп түскен зейнетақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша операцияларды жүргізуге;

    2. қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынушы __________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    тиесілі ___________________________________________ мекенжайы бойынша орналасқан __________________________________________________________ (мүліктің, көік құралының және т.б. атауы) мүлікке билік етуге/ иеліктен шығаруға (қажеттінің астын сызу) рұқсат етілсін.

    Басшы _____________________ қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты әлеуметтік

    қорғау министрі

    2024 жылғы 15 қарашадағы

    № 428 Қағидаға

    7-қосымша

    Нысан

    ________________________

    көрсетілетін қызметті алушының

    тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Дәлелді бас тарту

    ___________________________________________________________

    (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі жергілікті атқарушы орган), Сіздің ________ жылғы № __________ өтінішіңізді қарап, «Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартқаны туралы хабарлайды.

    ____________________________________________________________________

    (Бас тарту негіздемесі).

    Басшы ________________________________________________ (ұйымның атауы) _____________________________________ _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы) Мөр орны

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.