Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 қараша 2024 ж.

    Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бабы 3 тармағының 7-4) тармақшасына және 62 бабының 6-2 тармағына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

    2. «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

    4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

    Алматы қаласының әкімі

    Е. Досаев

    Алматы қаласы әкімдігінің

    202__ жылғы «___» _________

    № _____ қаулысына қосымша

    Алматы қаласының 2024 жылға арналған бюджет қаражатының көлемі шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы

    р/с
    Қо­сым­ша бі­лім бе­ру ба­ғыт­та­ры­ның түр­ле­рі
    Бі­лім алушы­лар­дың және (неме­се) тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің са­ны
    Ай­ы­на бір бі­лім алушы­ға және (неме­се тәр­би­е­ле­ну­ші­ге) жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар­дың
    ор­та­ша құ­ны, тең­ге
    1
    Ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық ба­ғыт
    1500
    22 007
    2
    Ту­ри­стік-өл­ке­та­ну ба­ғы­ты
    500
    17 115
    3
    Эко­ло­ги­я­лық-био­ло­ги­я­лық ба­ғыт
    250
    17 115
    4
    Көр­кем­дік-эс­те­ти­ка­лық ба­ғыт
    1100
    17 115
    5
    Әле­умет­тік-пе­да­го­ги­ка­лық ба­ғыт
    860
    17 115
    6
    Гу­ма­ни­тар­лық ба­ғыт
    (тіл кур­ста­ры)
    2190
    17 115
    7
    Жа­ра­ты­лы­ста­ну-ма­те­ма­ти­ка­лық ба­ғыт
    (ма­те­ма­ти­ка­лық кур­стар)
    1250
    17 115
    Жиын­тығы
    7650
    Ерекше бі­лім бе­ру қа­жет­ті­лік­те­рі бар ба­ла­лар­ға
    1
    Ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық
    ба­ғыт
    100
    69 362
    2
    Көр­кем­дік-эс­те­ти­ка­лық ба­ғыт
    245
    69 362
    3
    Әле­умет­тік-пе­да­го­ги­ка­лық ба­ғыт
    225
    69 362
    4
    Гу­ма­ни­тар­лық ба­ғыт
    (тіл кур­ста­ры)
    140
    69 362
    5
    Жа­ра­ты­лы­ста­ну-ма­те­ма­ти­ка­лық ба­ғыт
    140
    69 362
    Жиын­тығы
    850
    Бар­лы­ғы
    8 500

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.